Шығармалар ✍️
Қамқор әпке бейнесі
«ӘПКЕ» ДУЛАТ ИСАБЕКОВ
«Тақырыбы: Қамқор әпке бейнесі «Идеясы: Әпке бейнесін ашу «Жанры: драма «Композициялық талдау:
Басталуы: Қабен мен Қамажай. Үйдегі жанжал. Әкелерінің келуі Байланысуы: Тимурдың достарымен той жасап келуі. Ой таласу Дамуы: Тимурмен ұрыс. Қамажай мен Қабеннің хабарласуы. Шиеленісуі: Үйдегі жиналыс. Тимурдың жаңалығы.Соңғы кездесу
Шарықтау шегі: Балалардың өз жөндерімен,өмірде өз орындарын тауып ке-те баруы
Шешімі: Қара шаңырақта болған той
«Кейіпкерлері:
Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.
Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғы-лыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.
Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағы-ларына қамқор.
Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып та-былады.
Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.
Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адам-гершілігі мол жан.
Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.
Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.
Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.
Қабен - Қамажайды ұнататын жігіт. Өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.
Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер.
«Маңызды деректер:
Қамажайды бауырларының атауы: «әпке», «мамуля»
Нәзиланың Қамажайға «Жолдас Оспанова» деп, отбасы мүшелерінің бәрінің ашуын қоздырған себебі: өзге отбасы
Қамажайдың орналасқан жұмысы: кондуктор
Тимурдың үйленуіне қатысты Омардың айтқан ойы: Отбасы - кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Отбасы басшысының бойында ұстамдылық, көрегендік, кешір імділік, мейірбандық сияқты көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша отбасы басшысы нәзік дипломат болғаны да жөн. Егер осы қасиеттер адам бойында қалыптасқан болса, мен өз тарапымнан інімінң үйленуіне рұқсатымды бе-ремін...
Қазақ әдебиетіндегі әулет жүгін арқалаған қыз: Қамажай Қамажайдың өзін ұнатқан жігітке өзін тәрк етіп берген жауабы: Мен
сені түсінемін. Бірак амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз ба-сымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып әке кетті, талқаны таусы-лып шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың соққысынан есенгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмыт бола бастағанда «не болсан. о бол» деп өз жөніме мен кетсем, олардың күні не болмақ? Жо-жоқ. Қабен, кешір мені. Бақытыңа кедергі болғым келмейді. Сенің жолың басқа. Інілерімнің біреуі шығып қалса, ұят болар. Сау бол. Таңертең ерте жұмысқа баруым керек. Өмірімде бірінші рет (Күледі ). Балалардың тамағы бар, жуа-тын киімі бар. О-о, тірлік деген бастан асып жатыр.
Кәмила мен Сұлтанның диалогінде көрініс тапқан көркем ой: объектив-ті және субъективті пікірі, қазіргі жұрттың бәріне ұнай беруге шарт емес, бақыт деген не?
«Бақыт деген – сөз бен істің бірлігі» деп айтатын: Нәзила «Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай
жағынан болса да, пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының жемісі" деген: Омар
«Қазіргі заманда жұрттың бәріне ұнай беру шарт емес.
XX ғасыр – ғылыми-техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субъективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекер-шілік» деп айтатын: Камила
«Ұлттық құндылық: Бауырмалдық пен кішіпейілділік,отбасы, қара шаңырақ туралы ойлар
«Өз ойым+түсінік: Әулет жүгін арқалаған Қамажайдың өмірі көпке үлгі,тәр-бие.
«Ұқсас шығарма: Т. Әбдік "Қонақтар", Б.Момышұлы "Ұшқан ұя"
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter