28.11.2024
  18


Автор: Қазақ әдебиеті

Отбасы мен қара шаңырақ

«ҚОНАҚТАР» ТӨЛЕН ӘБДІК


 


«Тақырыбы: Отбасы мен қара шаңырақ


«Идеясы: Баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы.Адамгершілік мә-селесі


«Жанры: әңгіме «Композициялық талдау:


 


Басталуы: Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі Байланысуы: Ерғабылдың мал ізлеуі,ішкі ойы


Дамуы: Ерғабылдың қаладан келген баласы. Ауыл қонақтары Шиеленісуі: Дастархан басындағы әңгіме. Ауыл әні Шарықтау шегі: Мазасы кеткен қарт


Шешімі: Ақталмаған үміт «Кейіпкерлері:


Ерғабыл- Бектемірден қалған ұрпақ, 75-те. курорттан балаларын күткен қарт, ауыл тұрғыны,көп сөйлемейтін жан.


Кемпір- Ерғабылдың әйелі


Сапабек- ат жақты, қапсаған сары жігіт. Ерғабылдың ұлы, жас,оқыған,өзім-шіл,көп сөйлегіш ел аралаған геолог.


Тома- келіні. Қазақша білмейтін, омырау жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған топ-толық, ақ сары ажарлы келіншек.


Жеңіс- аяқ-қолы шидей, көзі қитар алтылар шамасындағы немересі. Аспандияр- иегі шығыңқы, ірі, қапсағай домбырашы, тракторист жігіт. Абыл- ауыл қарты. Өзінің немерелерінің сөзін күлкі етеді.


 


«Маңызды деректер:


Курорттан қайтып бара жатқан баласын тосып, түнде де, күндіз де ұйықтай алмай жүрген қарт: Ерғабыл.


Таңертең кемпірінен шақшасын сұрайды(шақша-насыбай салатын ыдыс). Ерғабыл кемпірі өлсе, Бағиланы аламын деп күледі.


Кемпірінің ренішпен айтқан жауабы:«Иә,жетісерсің! Бала бір жақта, біз бір жақта. Мына қу моладан сүйегімізді табар бір күні. Осы Қаратүбектің басында жұмақ тұрғандай,екі елі қия баспайсың…Бүгін келсін балалар еріп кетермін. Қал жалғыз өзің омалып…»


Шалдың әңгімені бұрып айтқаны: Ноқтаның ьасын байламапсын, құлын қашып кетіпті.


Шал құлынды Қарабидайықтан іздейді. Ал жылқылар Шайтанкөлдің ба-сында жүр екен. Шал қартайғандықтан, бес уақыт намазын кейде ұмытып ке-теді екен.


Шалдың ойлары:«Өлерінде абыроймен кету». Қонақтар шаңқай түсте келеді.


Кішкентай немесеі сөредкн құт алып үлгерген шидей бала болады. «Қолының қаруы бар» деп бір жасқа мал сойдыртады.


Үйге келген қонақтардың, Сапабектің айтқан Ерғабылға ұнамаған мылжың әңгімелері: Геология туралы, Қазақстанның пайдалы қазбаға бай екендігі және граниттің Украинадағы пайдасы туралы да айтады. Кейін Лон-дон, Будапешт, Марокка, Италияға барған сапарларын, өзге елдердің салт-дәстүрін, мәдениеті мен адамдарын мақтады. Италиядағы кедей адамдардың тағдырына өкініш білдірді.


Босағада жалғыз қалған кейіпкер: Тома


Шайды Тома құйды,бірақ кемпір айтып отырады.


Шалдардың әңгімесі: Бектемір, Қазыбай тұқымынан 70-ке жеткен еш-


 


кім жоқ еді. Киімдеріңдіқимай отырсың ба? деген сияқтыЕрғабылға айтылған сөздер.


Күн еңкейіп, шаңырақтан өткенде шалдар намаздарын оқиды. Ал Сапвбек қар адамы, Америкадағы ұлттардың теңсіздігі жайында, жетілген техника ту-ралы айтады.


Домбырада ойнаған: Дүйсенбінің тракторист баласы Аспандаияр. Жеңісті тастамауларының сылтауы: бала қазақша білмейді, жасы жетіге келді. Мектепке баратын уақыты болды,ауылда орыс мектебі жоқ.


Шал қыстау жанындағы қораға қи оюға кетеді. Уайымың басу үшін бұрынғы кездерді еске алғанымен, ештеңе шықпайды.


 


«Ұлттық құндылық: Ұлттық мұраны, халық салт-дәстүрі мен ата жолды ұстануды ұмытпауға шақырады,қара шаңырақтың маңызын сөз етеді.


«Өз ойым+түсінік: Шығарма шағын болса да айтар ойы терең әрі ата-ана, от-басы мәселесін сөз етеді.


«Ұқсас шығарма: Б.Момышұлы "Ұшқан ұя", Д. Исабеков "Әпке"




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу