Шығармалар ✍️
Қазіргі заманғы бәсеке тойы
«ТӘУЕКЕЛ ТОЙ» ШЕРХАН МҰРТАЗА
«Тақырыбы: Қазіргі заманғы бәсеке тойы
«Идеясы: Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақ-сатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы - бүгінгі күннің шын-дығын ащы мысқылмен жаза отырып халықты ақылға, қанағатқа шақыру.
«Жанры: Әңгіме «Композициялық талдау:
Басталуы: Керімқұл мен Төкеңнің той жайында әңгімесі Байланысуы: Керімқұлдың арам ойы мен тойының басталуы
Дамуы: Әкелген сыйлықтардың Керімқұлға жақпауы. Төрегелді берген том-пақ конверт, Сарыбел әкелген қой мен қалған қонақтардың берген сыйы Шиеленісуі: Асыға күткен Жеңіскүл. Жеңіскүлдің танасын жоғалтуы, қайыршы баланың әрекеті мен ойы
Шарықтау шегі: Той шырқының бұзылуы. Қонақтардың тойдан қайтып ке-туі
Шешімі: Түксіз қалған Керімқұл, ойының жүзеге аспай қарызға белшесінен батуы
«Кейіпкерлері:
Керімқұл - Сидаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты Керімқұл ақ ко-стюм, ақ көйлек, қара галстук тағып алып, егде тартқан жасына қарамай,
ұшқыр аттай лыпылдап, жайраңдап жүреді, алақұйын, алыпқаш мінезді. Төкең - Керімқұлдың төсекте сырқаттанып жатқан аталас ағайыны. Төрегел-ді - бурыл шоқша сақалы бар, қаншырдай қара шал, Керімқұлдың жездесі. Сарыбай - қоңқақ мұрын, тыртық тақыр бас, балуан тақілеттес, гүржиген Ойпаңбелдегі нағашысы, көкпаршы
Күләй - қаланың шетінде тұратын базаршы қарындасы.
Жеңіскүл - Жасылкентте тұратын Керімқұлдың жиен қарындасы. Үш бала-сы үш фирма ұстайды. Бір келіні банкир. Жақында Лондонға, Меккеге қажы-лыққа барып келген. Ол үшін бір мың доллар, пішту, шемішке шаққан ғұрлы емес.
Сәтек - Керімқұлдың ауылынан шыққан әнші, облыстық филармонияның ар-тисі, аталас болып келетін Сәтек серіні той иесі тамада боласың деп шақырған. Бадырақтау бақа көз, бұйрабас.
Қайыршы бала - Шашы өсіп кеткен. Сірә, үшінші, төртінші сыныптың ба-ласы. Үсті-басы подвалда түнеп шыққандай мыж-мыж. Алуа деген қарын-дасы бар.
«Маңызды деректер:
Керімқұл жетіп келген үй: аталас ағайыны Төкеннің үйі. Айтылған сөз: «Он үште отау иесі».
Керімқұл өзінің жасы 20-ға келген ұлы Нұркені үйлендірмек екен. Ағайыны ойланып қалады: Өзінің әкесі Құттыбекті баяғыда он үшінде
үйлендірген екен Есей бай. Мына Керімқұлдың әкесі Қарағұл мен Есей бай бір атадан - Тоқсанбайдан туған.
«Мұныкі де дұрыс-ау, — деп қойды ішінен ағайыны. — Адам бейшараның ғұмыры қысқа, жүзге келсе де аз ғой. Қарға екеш қарға да үш жүз жыл жа-сайды дейді. Менің Ботаханым отызға таяды. Әлі бойдақ. Жоқ, бұл Керімқұлдікі де дұрыс бір жағынан».
Керімқұл мына жағы - Жасылкент, мына жағы - Мәуелі болып ағайын-ның бәрін жинап, тойға 500 адам шақырмақшы.
«Қарға тамырлы қазақта не көп, жегжат көп». Қаладағы ең мықты ресторан - «Аспантау».
Төрегелдінің берген сыйы - кіршіңдеу томпақ конверт.
«Ер мойнында қыл арқан шірімес» деуші еді деп, кезінде әпкесін қа-лыңмалсыз алып кеткенін еске алады.
Жақындағы жегжаттан біраз дәмесі бар еді, бірақ көбісі бір-бір уыс гүл ұстап келді.
Гүл әкелгендерді көрген Керімқұлдың ойы: «Ата дәстүрін білмеген алба-стыпар, қай қазақ бұрын тойға гүл ұстап келуші еді? Гүл дегенің кәдімгі шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да жемейді. Бірер күннен кейін өрт шалғандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты үйден шығарып, қоқысқа тастап құр бекер әуре боласың».
Сарыбай грузовикпен құнан қой әкеліп, сыйға береді. Құйрықты қазақы қой екен, Керімқұл ішінен: «Он мың болып қалар» деп есепке салды. Ораза кезі болса, бағасы одан да жоғары көтерілер еді, бірақ Ораза айы әлі алыста.
Күләй қарындасы қазақбайшылап леген көтеріп келіпті. Онысы бірер уыс өрік-мейіз, бірер уыс бауырсақ, бірер уыс арзан кәмпит.
Ендігі үміті, ендігі зарыға күткені — Жеңіскүл. Жасылкенттен жеткен-ше біршама алыс жер.
Төрегелді - қырғыздан темекі тасып, соны стакандап сатып жүрген майда саудагер.
«Су бойында бақалар бақылдай бастады. Олардың бақылдағаны әлдекімдер-дің сақылдап күлгені сияқты боп естіледі. Даладан бақалар да безіп кетіп, қа-лаға келген бе? Несі бар мұнда?Ауылдағылар қалаға қарай ағылып жатыр. Олардікі, бәлкім, жөн шығар. Ал, бақаға не жоқ? Оларға да жұмыс табылмай қалған ба?» - деп автор бақалар арқылы ирониямен жеткізеді.
Осы кезде көшеде шашы өсіп кеткен, үшінші, төртінші сыныптың бала-сы қайыр сұрап жүреді. Үсті-басы подвалда түнеп шыққандай мыж-мыж. Әркім-әркім сол баланың өзіндей мыж-мыж болған жыртық-жыртық үш теңгелік, бес теңгелік бірдеңелерді берген болады да, әлгі көзі мөлиген міскінге тура қарауға дәті шыдамай, теріс айналып кетеді. Бала Керімқұлға жақындап келеді, ақ киінген соң мырза деп қалған шығар. Үні шықпай, ерні ғана жыбырлап, алақанын ашып та жаймай, алақанға салғанды түсіріп алатындай, қолын қусыра созғанда Керімқұл қатты ұрсып, сөлекет сөз айтады. Жас бала жүрегіне қалмақтың оғы тигендей қатты назаланып қалды. «Қайыршы болма. Қайыршы болсаң — арсыз бол. Мың түрлі адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең, жауқазыныңнан жайрайсың.» - деп автор ой қозғайды. Бала көше бой-ындағы зипа терекке арқасын тіреп, жүрелеп отыра кетті. Әлгі жекуді көтере алмай қалды. Әлдекім тұмсығынан тепкен күшіктей ішінен қың-сылады.
Дәл осы сәтте алды-арты жарқылдаған, пошымы бөтен, өңкигендеу бір ма-шина келіп, тура қайыршы баланың қасына тоқтай қалды, көлікті «Джип» деп атайды екен. Шомбал шопыр қарғып түсіп, асыға басып, артқы есікті ашты. Ай мен күндей жарқ етіп, ар жақтан бір әйел алтын білезікке білегі то-лы қолын соза беріп еді, шомбал шопыр, қап-қара қолымен алтындаған ақ білектен ұстап, әлгі ханымды сүйемелдеп жерге түсірді.
Жеңіскүл табанын жерге тигізерін не тигізбесін білмей перламутр ту-флиінің өкшесімен ғана тұрып қалды. Қасиетті Әулие-Атаның көшелері күнде сыпырыла бермейді ғой, сәл шаң-топырақтау еді, Керімқұл тіпті Жеңіскүлдің жолына кілем төсеп тастауға дайын болады.
Керімқұлдың сидаң сирағы шегірткенің серпініндей ыршып кетіп, жиен қыз-дың қасына бір-ақ қарғып жетті. Бара бас салып құшақтап, жиенінің бетінен ары да сүйді, бері де сүйді. Женіскүл қанша қарсыласса да болмай, өліп ке-тердей өңмендеді. Оны Жеңіскүл жақтырмайды. Жасылкенттің «Арулар за-лында» үш сағат отырып жасатқан прическасы, макияжы құрыды ғой. Сілекейден беті айран жаққандай айғыз болып қалды. Туфлиі түстес пер-ламутр сөмкеден бір конверт алып, нағашысына ұстата берді. Керімқұлдың
кеудесіне күдік кірді. Конверт жұқа, «скромный» деп жиен қыздың өзі айтты. Соңғы үміт осы жиен қызда болатын. Әлде доллар шығар деп жуатты өзін. Доллардың қағазы жұқа, бағасы қалың.
Әлгінде ғана Керімқұл Жеңіскүлді құшақтап, құшып-құшып сүйген жерге қайыршы баланың көзі қайта түсіп жылтырауықты көреді, топыраққа шала батып жатқан әлгі жылтырауықты алып, алақанына салып көрді. «Алуа қа-рындасыма апарып берейін» деп ойлайды, ол өзі сияқты киімі жоқтан мек-тепке де бара алмай қалған екен. Шешесі екеуі бүгін базар жаққа кеткен. Қайыршы қызға әсем тана не керек деп, бала судың жағасында, ақсақ иттің қасында тұрып, қалтасындағы жылтырақ затты өзенге лақты-рып жібергісі де келді. Алуаның кір-кір жамау көйлегіне жараспайтын да шығар. Қалтасынан шығарып, күнге тосып, қасындағы ақсақ иттің көзіне шағылыстырды. Ит шошып түсіп, шойқаңдай басып, әрірек барып отырады, оған да гауһартастың керегі жоқ, бір түйір ет лақтырса, сол олжа. Кәуап шайнап отырғандарға мөлие қарайды. Қаңғыбас иттің көзінде адам түбіне жетпес тұңғиық терең мұң бар сияқты көрінеді.
Той қыза бастаған тұста алғашқылардың бірі саналып, Жеңіскүлге сөз берілді. Тойбасы «Түп-тұқиянынан бері асыл затты, ақсүйек, тектілердің тұяғы, ай мен күндей ажарлы, жүрген жері құт-береке базарлы, қазақ әйел-дерінің эталоны десе де болғандай Жеңіскүл ханымға сөз кезегін аса бір құрметпен ұсынамын!» дегенде барлығы Жеңіскүлге жаппай қол шапа-лақтап, соның аузынан алтын төгілетіндей, сілтідей тынып, назар аударды. Мұндай мол ықыласқа масаттанған Жеңіскүл өзіне қадалған сол көз-дерді құлағындағы, мойнындағы, омырауындағы меруерт, лағыл, гауһар тастармен қарықтырмақ болып, жан-жағына бұрылды. Жеңіскүл ән салатын халық артистеріндей алтын-гауһары жарқыраған жұдырығын аузына тақап, бір жөткірініп алды да тарғыл-тарғыл ащы дауыспен сөз бастады. «Менің аяулы анам Әсемгүлдің ағасы, анам тірі болғанда осы тойға өзі қатысатын еді-ау,» — деп барып, жарқ-жұрқ еткен шағын сөмкеден аппақ бәтес орамалын алып, көзін сүрткендей болды. Оған сол қимылдан бетіне қалың жағылған опа омырауына түсіп, жұтап қалғандай көрінді де, әлгі орамалмен кеудесін сүрте беріп... мел-шиеді де қалады.
«Бриллиантовые подвески на пятьдесят тысяч долларов!» деп шу шығара-ды, тана бриллиантын жоғалтып алыпты, бірінші тамададан көреді, одан оң Керімқұлдың өзін шақырып алып, одан да көреді. Сонда Жеңіскүлдің қарсы алдында отырған жуантық қазақы қара кемпір: «Жеңіскүл қарағым, мен бағанадан бері сенің шашыңдағы, құлағыңдағы, мойныңдағы, білегіңдегі, саусақтарыңдағы алтын, гауһарларыңның бәрін сан қайтара санап шықтым. Екі көзім сенде. Бірақ омырауыңнан гауһар тана көр-ген жоқпын. Көрсем оны да қызықтар едім ғой,» — деді. Салиқалы кемпір-дің сөзі салмақты шықты.
Жеңіскүл Керімқұлды жеке шақырып алып, құшақтаған жерге түсіп қалған болар деп көшенің ортасынан нағашы-жиен екеуі жерден іздей бастайды. Бұл кезде жұрт ошарылып қалмасын деп, тамада жігіт өзбек, орыс, қазақ ту-ралы анекдот соқты. Дала күңгірттеніп, іңір сөніп бара жатқан кез екен. Қа-ланың көшелері қап-қараңғы. Ресторанның алдына ілінген жалғыз шамның жарығы бозалаң. Алагеуім қараңғыда не іздеп мандырасың. Нағашы-жиен бір-бірімен сағыныса көріскен жерді Жеңіскүл перламутр-седеп туфлиінің істік тұмсығымен жерді түрткілегенде, седеп туфли әбден шаң-топырақ бол-ды. Жеңіскүл оны да елеген жоқ. Бриллиант табылса, туфли садақа, оның тұмсығымен кеніш қазуға да пейіл. Осы кезде миллиционер кез болады, Жеңіскүл одан тойдағыларды тінтуді сұрағанда, Керімқұл «Тойдағы қо-нақтарың тінтіпті» деген атаққа қалмайын, ұят болады деп шошып ке-теді.
Осы сәтте қонақтар да басқа ешбір тойда болмаған қызыққа баттық деп қайырылмай кетіп қалады. Тамада, әртістер мен ресторанның завзалы да той тез тарқады ғой деп Керімқұлдан ақыны сұрай бастайды. Амал жоқ болған соң конверттердегі ақшаларды бермекші болады да, қолына жез-десі берген конверт түседі. Конверт қамырмен желімделген екен, желімі оңай ажырамайды. ашып қалғанда конверттің іші - шылым орауға ар-налған газет қиындыларына толы екен. Арасында кілең бір теңгеліктер мен тілім ақ қағаз бар екен. Жүрегінің аздаған дімкәсі бар Керімқұл қисық-қыныр жазуды оқыды да, орындыққа сылқ етіп отыра кетеді.
«Ұлттық құндылықтар: Қазіргі таңдағы ең көп кездесетін ащы шындықты айтқан. Қазақтан ежелден келе жатқан салт-дәстүр - тойдың бәсекеге айналғандығын жазып өткен.
«Түсінік: Жазушы той десе жанын салатын қазақтың бүгінде дәстүрлі той-ларды жоғалтып, оны тек бәсекеге айналдырғанына қынжылады. Өзгеден асып түсу мақсатында аста-төк дастарқан жасап, оған қыруар адам шақырып, тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы – бүгінгі күннің шындығы.
«Өз ойым: Әңгіме сюжеті адам бойындағы қанағатсыздықты, аңғалдықты әшкере етуге құрылған. Осындай жаман әрекеттерден аулақ болуға үндеген автордың өмірдің өзекті мәселесіне бей-жай қарай алмағанын байқаймыз.
«Ұқсас шығарма: «Қалың елім, қазағым, қалың жұртым» Абай Құнанбаев; «Тойдан қайтқан қазақтар» Сұлтанәлі Балғабаев; «Бір кем дүние» Шерхан Мұртаза.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter