Шығармалар ✍️
Өнер құдіреті, күй туралы аңыз
«КҮЙ АҢЫЗЫ» ТАХАУИ АХТАНОВ
«Тақырыбы: Өнер құдіреті, күй туралы аңыз
«Идеясы: «Наридірген» күйінің шығу тарихын айта отырып, күй құдіретін көрсету, жас қыздың тапқырлығын ұрпақтарға үлгі ету.
«Жанры: әңгіме «Композициялық талдау:
Басталуы: Ипан тауына жеткен екі салт атты Байланысуы: Естеместің ауыр тағдыры
Дамуы: Жапандағы жалғыз нар. Аяқталмаған күй
Шиеленісуі: Жалғыз қараша үй. Шал мен қызы Жаңыл, олардң жалғыз нары туралы
Шарықтау шегі: Естеместің Жаңылға ғашық болуы. Елде жоқ қолқа Шешімі: Күй құдіреті. Қыздың қарсылығы мен «Наридірген» күйі
«Кейіпкерлері:
Естемес - күрең атты, жасы елуді алқымдаған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу, өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез, тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісі.
Оразымбет - Естемеске ергеніңе жыл болып қалған жас шәкірті, құлағы сақ, қолы жүйрік жігіт. Астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрма-ны ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақта-нып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр.
Шал - Жаңылдың әкесі, қараша үй мен нар иесі.
Жаңыл - басына үкілі тақия киген талдырмаш денелі қыз. Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған.
«Маңызды деректер:
Екі салт атты адырдың басына желе-жортып шықты да, аттарының басын іркіп, алақан астынан алысты шолды. Бұл екі жолаушы Естемес күйші мен оның жас шәкірті Оразымбет.
Төмен қарай көлбеп бара жатқан, жас жігіт қамшымен нұсқаған кең жазықтың шетінде мұнартып, оқшау тұрған жалаңаш тау: Ипан тауы.
Күйшінің өмірі: қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайды. Домбырадан босап кетсе, қолы тағы да тізгінде болады.
Естеместің Оразымбетке айтқаны: «Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе. Жас елуге келді. Менің өмірім тұрлаусыз болып барады. Қан-ша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүймей, бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз отбасының жылуын аңсайтын кез сонда болар...»
Оразымбеттің ұстазын аяп кетіп айтқаны: «Сізге қарттық қайда, Есеке? Әлі де біреуді айттыруға болады ғой. Алпыстағы Түлкібай да былтыр қыз алған жоқ па?»
Естеместің жауабы: «Аңғыртсың-ау. Немді көріп, құда түсем? Күйге қыз бер-ген қазақты әлі көргенім жоқ.»
Осы әңгімеден кейін екеуінің де көңілі жүдеп, үнсіз келе жатты. Кенет суалып қалған жырадан жалғыз нар көрінді. Жолаушлар үйреншікті мал емес, жапанда жалғыз қалған адам көргендей әлденеден тітіркеніп, аттары?ның басын тежеп, іркіліп қалады.
Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая ба-
стаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлға-сы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етеді.
Оразымбет қорқып қалып, дұға оқып жіберіңіз дейді.
Нардың ботасы өлген екен. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар бала-сын адамнан артық жоқтайды екен.
Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған: жаңа бір күйі сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде.
Ат жалына еңкейіңкіреп барып, Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып, домбыраның ке-удесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бейшараны жұмсақ алақанмен маңдайын сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес берді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рақат самалмен желпіп, сергіткендей болды.
Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық, балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады. Жаңағы бір сезім тал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде, өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып, бу-лығып қалды. Естемес ыза болғандай, домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып, артындағы қоржынға салып қойды. Бұл өзі көптен көңілді тербеп жүрген, дәл осы арадан аса алмай жүрген күйі болады.
«Қашан кемеліне келтіргенше, күйді көп алдына салмаған жөн. Ха-лықтың құлағын қажаған күйші күйден садаға кетсін.»
Қашаннан әдеті: күйің әбден нақыштап алғанша, жанға естіртпейді. Ең аяғы қасындағы жолдасы Оразымбеттен де бүгіп, осы күйді оңаша толғап жүреді.
Нар соңынан әудемжер еріп отырған екі атты Ипан тауынан бергі ылдидағы қайнарда жұпыны ғана жалғыз қараша үйді көріп, соған барады. Үйден басына үкілі тақия киген талдырмаш денелі қыз қонақтар мен нардың алдынан шыға-ды.
«Дауысының әсемін-ай, құлақты қытықтап барады. Әрі еркін, әрі ибалы, мінезі де оңды екен», – деді Естемес ішінен. Шынтағындағы білдіртпей салған жа-мауын да күйші көзі шалып қалады. Тіпті бұл үйдің жолаушыларға сусын ұсы-нып, қазан астына от жағуды ұмытып кеткені де есіне келмеді.
Шалдың келген қонақтарына айтқан мақалы және оның себебі: «Өлімнен ұят күшті.»
Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл көшерде бо-шалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаң?сытып, таңдайды кептіріп отыр. Естеместің көзі қыз көзіне түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалады. «Сақалды басыммен сабырдан айырылға?ным қалай?» деп кейіді өзіне Естемес. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда, тәңірінің сарғайтып барып бұй?ыртқаны
осы болар», – деген де ойға тіреліп, қайта ауытқиды.
Шалдың Естемеске салған қолқасы: Өнеріңді салып көрсең қайтеді? Хақ тағала көз жасымызды көрсе, кім біледі, нарымыз иіп кетер. Салшы өнеріңді, қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да берейін.
Естеместің шалға айтқан жауабы мен елде жоқ қолқасы: Сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім...
Шал баламды қор қылмассың, сөзім – сөз өнерің жетсе, тілегіңді бердім деп келісімін береді.
Сол кезде Жаңыл есіктен қарап «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар», – деді.
Түйенің ендігі түрі манағы көргеннен бөлек. Балшықтан құйғандай де-несінде қыбыр еткен тірлік белгісі жоқ. Басын манағы келген жағына бұрып, сонау алыс адырға құрғақ, жансыз көзін қадап, қатып қалған. Жаңыл келіп, түйенің мойнынан құшақтап, басынан сипағанда, Естеместің көзі тағы да Жаңылға түсіп, «Мал баласына осылай пейілің түскені жас та болсаң, аса мейірбан боларсың» деп ойлап, күйшінің іші жылып кетеді.
Күйші жүгіне беріп, «я, сәт» деп, домбыраны қағып-қағып жіберді.
Жасы ұлғайып, қимылы ауырлап кеткен ұстазының жас жігіттей құлшы-нып шыға келгеніне, Оразымбет таңырқай қарады. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау» деп ойлады. Әншейінде жайға-сып, малдасын құрып, тіпті шынтағына жастық қойдырып тартатын күй-ші, қазір бір тізерлеп, тулақ үстіне жүгініп отыра кетіп, сілтей жөнелді. Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді бастап ке-теті.
Діріл қаққан күй тарауға, майда қоңыр сазды сарынға ауысады да, ақы-рындап, көтеріле береді. Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып, жоғары өрлейді де, суырылып ба-рып, асқақтап жүре береді.
Оразымбет күйді жалғастырып кеткенде ұстазына қатты сүйсінеді. Естемес күйге елігіп, өзге дүниені ұмытып кеткендей болады. Талайдан бері арқаны құрыстырып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қырты-сы тарылып, жанын сергітіп, әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарыл-тып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп, алысқа самғайды. Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем майысқан қыз бұлдырап, алыстап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым ара-сынан сыңғырлап күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған тал-пынады.
Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып, теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айрылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Есте-мес оны да домбыраның шегіне іліп әкетті. Күйшінің көзі Жаңылға түскенде
қыз нардың емшегін қысып ұстап, қатып қалыпты. Нардың желіні тыр-сиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңлы сазға ауысып, күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті: «Заманым өткен екен ғой»,– деп аһ ұрды.
Жалт бұрылды да: – Ар жағын сен тарт, – деп саңқ етіп, домбыраны Оразым-бетке тастай берді. Оразымбет домбыраны алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел: «Наридірген» күйі осылай туыпты деседі.
«Ұлттық құндылықтар: Күй мен өнер құдіретін көрсетеді.
«Түсінік: Қазақтың аңызы негізінде жазылған шағын әңгіме болса да, айтар ойы көп, тағылымы терең шығарма. Күй құдіретін ашық жеткізеді.
«Өз ойым: Автор Естеместің ауыр тағдырын қоса айтады. Күй соңында күй-ші қатып қалған нарды идірсе де, қыз оған заманының өткендігін білдіреді. Осыдан күйдің шығуы туралы аңызды да айтып өтеді.
«Ұқсас шығарма: «Құлагер» Ілияс Жансүгіров
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter