28.11.2024
  20


Автор: Қазақ әдебиеті

Ауыл балаларының өмірі мен достық туралы

«ТӘМПІШ ҚАРА» САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВ


 


Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап", "Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда".


 


«Тақырыбы: Ауыл балаларының өмірі мен достық туралы


«Идеясы: Жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымды-лыққа тәрбиелеу.


«Жанры: повесть «Композициялық талдау:


Басталуы: Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы. Байланысуы: Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылма-стай дос болуы.


Дамуы: Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы. Тілеп алған азап.


Шиеленісуі: Ауылға алғаш орнатылған радио


Шарықтау шегі: Шаншатайдың ауыл балаларына тигізген әсері. Шешімі: Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.


«Кейіпкерлері:


Ертай - әңгімелеуші автордың өзі. Шаншатайдың суретші досы, ерке, сәл мақтанша, қызғаншақтау бала.


Келдібай - мектептің кейіннен келген жаңа директоры.


Әміре - қатып-семген жүдеу, көк көз шал, шіңкілдек дауысты мектептің қа-рауылы. Бір ұл, бір қызы бар.


Оңалбек - Әміренің ұлы, жазда Ертаймен бірге үшінші класты бітірген, бірақ үш жас үлкен. Өзі аңқау, не айтсаң, соған сенгіш. Басқа балалар секілді шымыр емес, болбыр әрі жуас. Сондықтан өзінен кішкентайлардан да таяқ жеп қалатын.


Күлдәрі - Оңалбектің әпкесі, қиқар, тілі де қыршаңқы. Қыздан гөрі ер балаға ұқсас: жауырынды келген, қол-аяғы балғадай ақсары.


Иманбек - балалар «Көсеуқол» дейді. Бойы да, қолы да ұзын бала, өзі ап-арық. Жүргенде дәл сұрақ белгісі секілді басын төмен салып имиіп жүреді. Жағына пышақ жанығандай, терісі сүйегіне жабысып қалған. Көзі де мөлиіп, өлімтік малдың көзі ұқсап тұрады, кескінсіз. Қашан көрсең, кішкентайлар-дың арасында жүреді. Балаларды шағыстырып, төбелестіріп қояды. Шаншатай - «Тәмпіш қара» Келдібай директордың інісі, дөңгелек жүзіне сүйкімді бір арай ойнап шығып, қысыңқы көзінің ноқаттай қара жанарында ерекше бір ұшқын тұрды. Бейтаныс баланың түр-әлпетінде пәлендей сымбат жоқ еді. Денесі түтін ге ысталғандай қара-қоңыр, әрі май жаққандай жылты-рап тұр. Бұлшық еттері білеуленіп шығып, бүлк-бүлк етеді. Екі шекесі тор-сықтай жалпақ маңдайынан ұйысып түскен бұйра қара шашында су тамшы-


 


лары күн сәулесімен таңғы шықтай жалтырайды. Қабағы да төңкере салған кесе секілді бетінің еті де қалың. Бірақ ерні жұқа. Ақырын ғана жымиып күл-генде, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінеді. Оншама бой-шаң да емес, төртпақ, шымыр. Ертайдың ата-әжесі айтқан қасиеттер: әдепті, ұқыпты, кішіпейіл, ақжарқын, сыпайы, тәлім көрген бала екен.


Ержан - Ертайдың алты жасар інісі, бұзық, ерке бала.


Нығмет - Нұрқат бастықтың баласы. Ауылға алғаш «шайтанарба» алып ке-леген.


Бейсекүл - масақ теруге шебер, талдырмаш денесі мен сүйрік саусақтары ма-сақ теруге әдейі жаралғандай.


Ықсан - қысық көз, бригадирдің баласы. Атабек - ұзын бойлы ауыл баласы.


Назым - ауыл баласы, Ертайдың достарының бірі.


 


«Маңызды деректер:


Күні бүгінге дейін бейнесі көз алдымда елестеп тұратын тәмпіш мұрын қа-ра баланың тағдыры не болғаны маған белгісіз. Үлкен-кіші оны «өзіміздің тәмпіш қара» дейтін.


Сұлутөрдің етегіндегі Қосарық деген жерде тұрады. Колхоз аты да «Қоса-рық» болатын, бұлай деп қою себебін ешкім білмейді, бірақ әр жерде бір шоқиған тамдардың ара-арасынан ирелеңдеп ағып жататын жалғыз арық бар бо-латын. Сонда аққан судың кей жерлерін балалар бөгеп, терең көлшік жасап, соған түседі екен.


Біздің ауылдың үйлері – ол кезде бір-бірінен аумайтын шымнан жасалған тапал тамдар. Сырты әктелгендерінің өзі бірен-саран. Үйлердің аулалары да біріне-бірі ұқсас. Шым дуалмен қоршайтын. Үйге іргелес мал қора. Онан қан қи жаз ортасына дейін ауланың дәл ортасында шошайған мола құсап үйіліп тұратын. Ағаш атаулы аты мен жоқ. Тек мектеп түбінде екі терек


бар-ды. Жаз күндері оның көлеңкесінен қой-ешкі, бұзау арылмайтын. Атамның қыршаңқы қара биесін де, көршіміз Тілектің көк есегін де іздесең, сол арадан табады екен.


Жасыратыны не, мектебіміз сол маңайда мақтан етерлік еңселі, биік, тө-бесі қызыл қаңылтырмен жабылған, терезелері де үлкен, әдемі үй болатын. Рас, едені сол өңірдегі барлық үйлердей топырақ еді. Кейіннен Келдібай де-ген жаңа директор келіп, ұзын залдың табанына жалтыратып тас салған. Кейін білдік, цементпен сылатқан екен ғой. Кей күндері біз терезеден жасыры-нып түсіп, осы тас еденге асық ойнаушы едік.


Әміре шал көктем шығысымен-ақ, ауылдың сыртындағы бақшасына ба-рып, күрке жасап, соған көшіп алады. Сары күзге дейін оның қарасын көр-мейсің. Сонда мектепті күзету – ұлы Оңалбек пен әпкесі Күлдәрінің ен-шісінде. Шешесін сырқаты көп адам дейді.


Бізді жасырып мектептің ішіне кіргізетін – Оңалбек те, көре қалса, бізді тырқыратып қуып шығатын – Күлдәрі. Оның қолына түссең, аямайды. Ұрса бір сәрі ғой, құрғырың шымшиды.


Жаңбырлы күндегі балалардың ермегі - асық. Оңалбекке таба нанның бір


 


үзімін беріп, үш-төрт бала мектепке кіреді де, асық ойнайды. Ертайдың асыққа сараңдығы жоқ, көздегенін мүлт жібермейді.


Иманбек арам ойнап, Ертайдың сақасын екі рет өлтіріп кетеді. Дүниені күйдіре жалмап тұрған ыссы күннен қорынатын жерің – көлшік.


Танымайтын себебім, біздің колхоздан үш-төрт шақырым жерде тағы бір ауыл бар. Айналдырған он шақты үй. Оларды сиыршы дейді. Себебі көлікке жігер аты да, мінер көлігі де – сиыр мен өгіз.


Осы арада ойламаған жерден шатақ шықты. Ертайдың киімдерін Иманбек тығып қойған екен. Ертай қарғысты жаудырған кезде, Иманбекпен төбелесіп қа-лады. Иманбекті ұшырып түсірген де, мені итеріп жіберген де тәмпіш мұрын қа-ра бала.


Екі алақан енді еш уақыт та ажырамастай шарт етіп қабысты. Қолы темірдей қатты екен.


Ертайдың үйіне келгендегі Шаншатайдың киген киімі пәлеңдей су жаңа болмаса да, тап-таза. Бұтында шолақ балақ шалбар. Үстінде кеше суға ки-ген торкөз көйлек. Аяғында сандал. Басына кигені көнетоз тақия. Галстук тағып алған. Ертай да Шаншатайға қарап, оқуға киіп жүрген көк сәтен жидесін, ақ жолақ жолы бар шалбарын, жуырда базардан әкесі әкелген са-ры брезент бәтеңкесін киеді.


Ержан көре сала мазақтай бастайды, ата-әжесі «біздің ерке тайлақ та әп-әдемі» деп қолпаштайды.


Шаншатай мектеп алдындағы қос терек түбінде тұрып, егіс қасына қырманға барасың ба деп сұрады, комбайн келді деп айтты.


Балалардың ойнайтын ойындары: асық, шілік, қашпадоп, орамал таста-мақ, түйе-түйелер, жасырынбақ, ақсүйек.


Кешкісін ойнамау себебі: ана бірде жасырынбақ ойнап жүріп, алыстан айда-лада жанған отты көріп «Шайтан жаққан от» деп балалар бытырай қашқан. Со-дан кейін кешкісін жиналуды қойған.


Ертай түнде қорқатынын айтқысы келмей кешкісін үй шаруасы бар деп өтірік айтады.


Ертай бәрін бірінші естіп жүреді екен, Нығметтің шайтанарбасына да ең бірінші мінген өзі болатын.


Шаншатайға конбайн жөнінде Келдібай ағасы айтқан екен. Әуелі Жарба-стау деген жердегі егінге салған, бүгін Қызылқұрға әкеледі екен. Жарбастау ауылдан алыста, Сұлутөрдің арғы жақ бөктерінде, қалаға барар жолда. Мектеп маңындағы балалар: Ықсан, Атабек, Оңалбек, Бейсекүл, Шаншатай. Шаншатайға Ертайдың суретші екенін айтқан Бейсекүл, Келдібай ағаймен мектеп сыныптарын аралағанда да қабырғада ілулі тұрған Тайбурылдың суретін көрген екен.


Барлығы әсем киім киіп алған екен. Үнемі сатала боп жүретін Оңалбектің үстінде кірсіз жейде, Бейсекүл болса аяғына ақ кенеп туфли киген, басында қызыл шаршы орамал, үстінде гүлді көйлек. Ықсанның кигені қара ко-стюм, басында зерленген тақия.


Қызылқұрға қара бестісі жегілген арбамен барады. Келдібай ағай арба үстінде, делбеде шәнтиіп Әміре шал отыр.


 


Комбайнды қызықтап, орақ басына да көмектеседі, масақ та теріді, лобогрейка шауып кеткен бидайды баулады. Ал кешкісін балағанның ішіне сұлай кеттік. Шаншатай әнші еді, сыбызғыдай сиқырлы дауысы бар, көп ән үйретті. Әкелген бояу қарындаштар да кәдеге жарады.


Бір күні Шаншатайдың айтып көрсетуімен мен үлкен ақ қағазға «Кірпі» деп бадырайтып жаздым да, тұсына кірпінің суретін салды.


Алғашқы газетімізді жұрт тамақ ішетін бастырманың жалпақ діңгегіне жап-сырғанбыз. Оқығандар қыран күлкіге батты. Қарғыс сөздер де шығып-шығып қалады. Бірақ жұрт дән риза.


Ертай Бейсекүлдің де суретін іліп қоюды ойлайдЫ, бірақ Шаншатай тоқтау айтады. Сол кезде Ертай оған ренжіп, ұырманға тақау сабанның үл-кен маясының түбіне шалқасынан жаып алады. Бір кезде бригадир көріп қалады, Ертай оған ішім ауырып тұр деп өтірік айта салады. Ал бригадир болса сеніп,күркесіне апарып, Ләйлім деген кемпірге тапсырады. Күркеге ол өтірік аурып жатыыр деп Бейсекүл келгенде, кемпір шіңкілдемей әрі кет деп ұуып жібереді. Кейін Ықсан мен Шаншатай келеді. Шаншатай «Октябрь балалары» газетін алып келгенін айтады, бірақ Ертайды ренжіттім деп ой-лап жүр екен. Ал Ертай болса сау басына сақина тілеп алады.


«Бір, екі, үш» - деп шырқаған ән Қызылқұрдың мөлдір тұнық ауасында әлі күнге қалқып тұрғандай.


Балалар жабыла оқыған газет - «Октябрь балалары».


Газетке аты шыққан балалар: Амантай, Әзілхан, Құрманғали Талай күндерде Павликтей нағыз пионер болуды қиялдайды.


Шаншатайдың Ертайдың суретінен тапқан міні: пионер балада галстук жоқ. Шаншатай келесі күні Ертайға галстук пен значокты сыйлайды.


Газетке өлең жазатын - Шаншатай. Екпіндлерді құттықтайды, Бейсекүл туралы жазады.


Шаншатайдың Ертайға айтқан ойы: Бейсекүлдің масақ терген суретін са-лу, атын «Орақта» деп қою.


Бір сәтке «ғашықтық мәселесін» де, барлығын ұмыттырған жайт аулға радио-ның орнатылуы.


Радиоқабылдағышты «қобдиша», ал антенасын «ұзын екі сырық» деп атайды. Радионы Қызылбұрышқа орнатады. Орнатқан Келдібай ағай мен дядя Петр дейтін орыс мұғалім.


Халыққа хабар беріп жүргендер: Оңалбек пен Ертай.


Радиодан үлкен-кіші тамсанып естіген дауыс: Күләш апайдың дауысы. Балалар Шаншатай келгелі, бөріктеппек, асық, ләңгі ойындарынан


жерігіп, доп қуу ойынына құмартады. Шаншатай әңгімелер де айтады, со-ның әсерінен «қызыл» мен «ақ», Амангелді, Чапай болып ойнайды.


Шаншатайдың әсерінен ауыл балалары «Амантайдың ауылын» талай рет жарыса оқыдық. Өтебай ағайдың «Қарлығашын» жаттап алдық.»


Ертайды есік алдында күткен балалар: Оңалбек, Ықсан, Бейсекүл, На-зым, Иманбек.


Бейсекүл бір газетті төбесінен жоғары бұлғап айғай сап, сүйінші сұрайды. «Су-ретің «Октябрь балаларына» шығыпты. Құттықтаймын! – деп Ертайдың қо-


 


лын Назым алады.


Суретте - масақ терген Бейсекүл. Суретте ол маған сұлу көрінді. Астына «Егін орағында» деп қойыпты.


Газетпен бірге келген хатта «Нағыз пионердің суретін салып жібер» депті. Көз алдымда тәмпіш қара Шаншатай тұрды.


 


«Ұлттық құндылықтар: Бұл шығарма ауыл тіршілігімен, балалар өмірімен таныстыра отырып, оқырманға үлгі өнеге береді, білімге шақырып, патриот-тыққа үйретеді.


«Түсінік: Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.


«Өз ойым: Бұл шығарма қарапайым тілмен жазылса да оқырманға көп тәрбие береді әрі қызықты да көңілді балалар өмірін оқи отырып сол әлемге өзін де түсіп кеткен күйде боласын.


«Ұқсас шығарма: «Жусан иісі» Сайын Мұратбеков




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу