28.11.2024
  14


Автор: Қазақ әдебиеті

Балалық шағында өзі куә боп, есте қалған оқиғалар, отбасы тәрбиесі

«ҰШҚАН ҰЯ» БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ


 


«Тақырыбы: Балалық шағында өзі куә боп, есте қалған оқиғалар, отбасы тәр-биесі


«Идеясы: Қазақ ауылдарының тұрмысын терең бейелей отырып, өзінің алған тәрбиесінен, өскен ортасынан сыр шерту.


«Жанры: Повесть


 


«Оқиға реті:


Бауыржан Момышұлының ата-әжесі мен ата-анасы туралы. Әжесі Қызтумас, Момыштың Рәзияға үйленуі және өзінің дүниеге келердегі жақындарының жайы сипатталады.


Бауыржанның атасымен алғаш дидарласуы.


 


Әкесі Момыштың ел арасындағы беделі.


Бауыржанның таңның атуын алғаш рет көруі, әжесінің қымызбен алдап үйге кіргізуі.


«Отан отбасынан басталады». Жаңбырдың жауғаны, бұлттардың ерекшелігі туралы бала сезім. Әжесінің айтқан ертектері мен әлди әні, балалық шақты аңсау.


«Балалық шаққа саяхат» Үлкен әпкесі Үбианмен ойнаған кездер мен ортан-шы әпкесі Әлиманың ойнатып жүріп, қораға қамап кетуі, жеңгесінің құтқа-руы.


Әкесінің кенже інісінің жасаған әрекеттері, базардан келе жатқан уақытта алғаш рет ат жалына қол артуы.


Бауыржанның балалық мінезі мен үлкендермен амандасу, сәлем беру керек-тігі туралы әкесінің айтқан ақылдары.


Ел танудың басы - жеті атаны жөніндегі білім.


Әжесінің малдың «тілін» ұғуды үйретуі 5-6 жасар Бауыржанның түн орта-сында әкесіне барамын деп жолай түйелердің арасында таңырқап тұрып, мүлгіп кетуі.


Тәлім-тәрбие, өнеге ата-анасы мен ата-әжесінен басталғанын сөз етеді. Әжесінің өшпес тағылымы. Мүшелді кезеңдер мен жыл қайыру туралы. Әжесі мен әпкелері, жиын қыздың жүн сабап отырғандағы, Буыржанның әжесіне не үйренгенін айтуы үшін ентелеп жүгіруі, Әпкелерімен бірге келеке етіп ойнауы және жұлқыласа кетуі. Әжесінің тоқтау айтып, жыл басы туралы аңыз.


Қарлығаштың киесі. Әжесінің қарлығаш туралы аңыз-ертегісі мен айтқан ақылы.


 


«Кейіпкерлері:


Имаш - Бауыржанның атасы, 1911 жылы 92 жасында дүние салған бабасы. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы шымыр шал.


Момыналы(Момыш) - орта бойлы, арық, қара кісі


Қызтумас - Бауыржанның қартайғанда сары кемпір атанған әжесі, аса ажар-лы, ақ дидарлы кісі. Кезінде некен-саяқ арулардың қатарынан болған. Бір шыбықпен айдайтын адуынды мінезді кейіпкер.


Рәзия - Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның анасы. Үбиан, Сәлима, Әлима - Бауыржанның апайлары


Көкесі - Момыштың кенже інісі


Байтоқ - ауыл адамы, Әулиеатаға ат сабылтып жетіп Момышқа сүйінші айтқан жан.


Момынқұл - Момыштың інісі.


Құрманкүл - тұлымы желбіреген жіп-жіңішке нәзік, жиен қыз.


 


«Маңызды деректер:


Әжесі «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отырады екен.


 


Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, са-бау қамшылы жүріпті. Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.


Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келіннің қазасына қайғырып өтті. Мезгіл-мезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келіннің аруағына бағыштап құран оқытар еді. Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады. Момыш әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһа-рында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де ха-баршы жіберіпті.


Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жегжат құтты болсынға жиналып қалған екен. «– Ақментей бабасындай батыр болсын!» «– Ақмоладағы Ба-тырбасыдай мәрт болсын!» «– Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!» «– Домалақ анамыз жар болсын!» – десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған екен.


Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шыға-рып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен. «– Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді,» – депті. Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмір-лік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының ба-сын қайта қосыпты


Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді ба-лаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше тал-пынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты, өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты, орыс алфавитін де білетін. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күйінде қыз-келін-шектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда та-стамаған.


Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.


Имаш бабамның көзі тірісінің өзінде біздің шағын ауылды «Момыш ауылы» дейді екен. Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа», «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек.


Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам.


Үбиан әпкесі биікке бой создырып ойнатады, ал ортаншы әпкесі Әлиман ой-нап жүріп, қораға қамап кетеді. Ал көкесі оны оң алақанына тұрғызып, арлы-берлі жүретін, ескі түлкі тымаққа отырғызып қойып, керегеге ілген екен, дуана келеді деп қорқытады екен.


 


Әкем маған ататегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. «– Кімнің баласысың?» – деп сұрайтын. «– Мен Момыштың ұлымын.» «– Момыш кімнің баласы?» «– Момыш – Имаштың баласы.» Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып сана-тады.


Бір күні үлкендермен амандасуды ұмытып кетіп, әкесінің сөзінен ұялып, үйге қайта кіріп амандасқаны да бар.


Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді. – Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады... Әжем бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын. Осындай уақыт талқысы ғана, өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл», «немақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды. Қазір жыл сайын ба-ланың туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел – нәрестенің қырқынан шығатын күн. . Екінші мүшел – бала-ның жеті жасқа толған күні. Ендігі мүшел – 13 жас. «Он үште отау иесі» де-ген мақал бар.


Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын, жыл аттарын жаттатты. «Тышқан жылы, сиыр жылы, жылан жылы, жылқы жылы, мешін жылы, тауық жылы, доңыз жылы, қоян жылы, қой жылы, барыс жылы, ит жылы, ұлу жылы» деп жаттаушы едім.


Әжесі жыл басы қалай тышқан болғандығы аңыз-ертегіні айтып береді. Кейін қарлығаштың құйрығы неден айыр болғаны туралы ел аңызын айтып берген екен.


 


«Ұлттық құндылық: Повесте халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері ұлттық болмысымызды көрсете отырып, сол кезеңдегі қазақ ауылының көрінісін шынайы бейнелейді.


«Түсінік+өз ойым: : Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінде балалық шағын да көзімен көрген, өзі куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы әлеуметтік ке-зеңді, өзі өмір сүрген қоғамдық өмірді шыншылдықпен суреттейді, ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін әсерлі әңгімелейді. Бұл повесь арқылы ауыл тіршілігімен, бұрынғы салт-дәстүр-леріміз бен ертегі-аңыздарымызбен таныса аламыз, рухани берер тәрбиесі мол шығарма.


Ұқсас шығарма: Төлен Әбдіков «Қонақтар»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу