25.11.2024
  23


Автор: Қазақ әдебиеті

Адамгершілік пен қанағат

«ЕСКЕНДІР» АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ


 


« Тақырыбы: Адамгершілік пен қанағат


« Идеясы: әділет пен даналықты дәріптеу, ашкөздіктен сақтап, пендешіліктен арылу, ол үшін иманды болып, ұятың мен арыңды сақтау.


« Жанры: Поэма


 


« Композициялық талдау: Басталуы: Атағы жер жарған Ескендір Байланысуы: Жаулап алу жорықтары Дамуы: Шөлге тап болу, мөлдір бұлақ


Шиеленісуі: Алтын қорған қақпасындағы күзетшінің сөзі. Ескендірге берілген сый Шарықтау шегі: Аристотельдің даналығы


Шешімі: Сабасына түскен Ескендір


 


« Кейіпкерлері:


Ескендір - Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі болған ірі қолбасшы, Македония билеушісі, Филипп патша баласы.


Күзетші - бұлақ бастау алатын Алтын қорғанды қақпаның күзетшісі. Аристотель - Ескендірдің дана, ойшыл кеңесшісі.


 


« Маңызды деректер:


Поэманың басталуы: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» Мекені: Македония шаһары.


 


Филипп өлген соң, 21 жаста Ескендір патша болады.


Жорықта жүріп шөлге тап болады, суы тәтті бұлақ тауып, соның бастауындағы елге барады. Күзетші қақпаны ашпайды, Ескендірге сыйлық ретінде қу сүйек(көз сүйегін) береді.


Аристотельдің жауабын шешуі: Таразымен өлшейді, бірақ сүйекті ештеңе аудара алмайды. Құм шашқанда ғана сүйек жоғары шығады. «Себебі бұл адам көзінің сүйегі, адам өлсе ғана тояды, осыдан ғибрат ал!»


 


« Ұлттық құндылық: Қанағатшылық пен рақымшылық


« Түсінік+өз ойым: Абайдың гуманистік ойын көрсетеді, адам бойындағы ізгі қасиеттерді өсиет етәп, жақсы-лыққа шақырады.


« Ұқсас шығарма: Фирдоуси «Шаһнама»


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу