Шығармалар ✍️

Қазақ қыздарының тағдыры
«ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ» БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН
« Тақырыбы: Қазақ қыздарының тағдыры
« Идеясы: Адамгершілік пен махаббатты дәріптеу, әйелдердің бас бостандығы мәселесін кқтеру. « Жанры: Повесь (хикаят)
« Композициялық талдау: Пролог: Екі жолаушының әңгімесі.
Басталуы: Шұғаның бейнесі, ауыл тіршілігі. Байланысуы: Әбдірахман мен Шұғаның алғашқы кездесуі.
Дамуы: Алтыбақандағы таныстық, хат жазысу. Елде тараған өсек. Шиеленісуі: Қызғаныштан туған Айнабайдың жаласы. Шарықтау шегі: Құса болған Шұға.
Шешімі: Шұғаның қазасы, иесіне жетпеген хат.
« Кейіпкерлері:
Шұға - Есімбек байдың жалғыз қызы, төрт ұлдың ортасында өскен ерке қыз. Өзі ақылына көркі сай «Шұға де-се, Шұға еді-ау!» дегізген сұлу да тәрбиелі қыз, жасы 16 шамасында.. «...ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген емес. Жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі қандай, бүртүрлі паң еді-ау...»
Зәйкүл - ажарлы, шырайлы, бірақ өзіне ұнатқан адамғға шыға алмаған. Шұғанң тілеуін тілеген жеңгесі, қорқақтау.
Әбдірахман - оқыған, көзі ашық жігіт. Тек білімімен ғана емес, өзінің бірсөзділігімен де адамгершілігі доғары екенін танытады. Учитель болып жұмыс істейді. Шұғаны шын сүйген, 20 жас шамасындағы кедей баласы. Есімбек - Шұғаның әкесі, бай адам. Беркіімбайдың әкесінің нағашысы, жаппас руынан шыққан жомарт, қо-нақпаз адам деп суреттеледі.
Базарбай - Қасымжанның туыс інісі, Есімбектің қойын бағушы, хат жеткізуші жас жігіт. Қазақбай - Әбдірахманның әкесі, кедей адам.
Айнабай - екі елдің арасына от салып жүретін адам. Қызы Күлзипаны Әбдірахманға қосқысы келген арам ойлы бай, Әбдірахманға өтірік жала жауып, жер аудартады.
Күлзипа - 17 жас шамасындағы орта бойлы, қара сұрлау, тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын жан. Әбдірах-манды ұнатады.
Маржанбике - жеңгелік қызметті атқарушы, Күлзипаның жеңгесі.
Қасым(Қасымжан) - сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр, 40-тан асқан сөйлемпаз адам, әігімелеуші. Бұл оқиға болған кезде өзі Әбдірахманмен құрдас 20 жаста, досы болған екен.
« Маңызды деректер:
«Шұғаның белгісі» жол қысқарту үшін әңгімелесіп келе жатқан екі жолаушының әңгімесінен басталады. Бірі -Қасымжан, екіншісі - автордың өзі. Күн сәскелікке жақындаған кез, астында тапал торы ат, жолдасында қаркер. «Шұғаның белгісі» кезінде «Тарғыл өгіз сойған» деп аталған, бүгінгі шыққан ауылдары -«Ерекең»
Беркімбай - Қасымның ағасы, кезінде болыстыққа таласам деп бар малын құртқан. Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек.
Бозбалалап ауыл жігіттері Базарбайдан Шұғаға хат жолдайтын, бірақ Шұға жауап қайтармайтын. Сол себепті тәкаппар десуші еді.
Шұғаға хат жазам деп күлкіге қалған есерсоқтау кейіпкер - Кәрім.
Шұғаның ата-анасының бір артық жері - он алтыға келгенше, Шұғаны күйеуге бермейді.
Есімбектің Шұғаны күйуге бермеуінің мәнісі: Қали деген досымен серт байласып, құда болмыз дескен екен. Жазғұтырым Қасым, майдың 20-сы күні жайлауға қонады. Қызойнаққа барып, сәске түсте бірақ тұрып, ауылға жаппас келгенін есітеді.
Әбдірахман деген 20 жастардағы жолдасы, жасынан болыстың бұзауын баққан. Балалармен араласып жүріп, учительден 4 жыл оқиды. 12-13 жаста байдан қашып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кіреді. Мектеп бітіргенде дыбысы жер жарды, өте зерек болды. Тілмаш та, пісір де болмай, бала оқытады.
Әбдірахманның әкесі кедей болған.
Есімбектің «Мені олжамнан қақты» деп тырсиып отырғаны: өткен жылы күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әб-дірахман халыққа: «Қазір асығып екі бағасына алғанша, астық жиып болған соң жарты бағасына ал,» - деп айтқан екен.
Әбдірахманды ұнатпай, өсек қылғандар: ауыл шалдары, әсіресе Қажыбай шал.
Әбдірахман Шұғамен кездесу үшін, алтыбақанға барады. Олар сонда таңға дейін ойын-сауық құрады. Есімбектің үш баласы үйленген. Ең кіші келіні Зәйкүл таама Қаржаудың қызы. Күйеуі Ыбырай - момын адам. Қасымжан Зәйкүлмен жақындасып көңіл қосқан.
Айнабай қызы Күлзипаны Әбдірахманға қоспақшы болады. Әбдірахманның әкесі шөп іздеп Айнабайға келсе, Айнабайдң қатыны қос қазыны бұзбастан салып, етпен сыйлап, ақысыз бір шана шөп береді. Әкесі құда болуға өте құмарланады. Бірақ Әбдірахман ұнатпайды: «Тіпті сүймеймін, сүймеген адамды не қып аламын» дейді. Әбдірахман Шұғаны ұнатып, Базарбайдан хат жолдайды. Шұғаның жауабы: «Хатыңызды алдық, әзір пәлендей жауап бере алмаймыз, айыпқа бұйырмаңыз, жазушы - Шұға.» Екеуі осылай жақындасыып кетеді.
Көптің сөзі: «Көрші ел едік, арамызға салқындық түсірме...» Бірақ Әбдірахман өз сөзінен қайтпайды.
Айнабай Әбдірахманға: «түріктерге жасырын ақша жиып жүр...» - деген жала жабады. Әбдірахманды старжник пен бір атты ұстап алады, Қасымның әжесі ботадай боздайды.
Шұға құса болып қатты ауырып қалады. Таңертең Әбдірахман келгенде, Айтпай Шұғаның қайтқанын естіртеді. Шұғаның Зәйкүлге тапсырған соңғы хаты:
«...Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың, Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз, Астында ақ туының пайғамбардың!..»
Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарға қоймақ болады. «Өгіз сойған» басына белгі қояды.
« Ұлттық құндылық: Қазақ халқының табиғаты, тұрмысы мен салт-дәстүрі көрініс табады.
« Түсінік+өз ойым: Қвз бен джігіттің қосыла алмай, ескі салт-сана мен дәстүр, қоғам ойынан қасірет көр-генін, жалпы әйел теңсіздігін көрсетеді.
« Ұқсас шығарма: «Бақытсыз Жамал» Міржақып Дулатов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇