Шығармалар ✍️
Өнерге және жүйрікке жасалған қастандық
«ҚҰЛАГЕР» ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
« Тақырыбы: Өнерге және жүйрікке жасалған қастандық
« Идеясы: Атақты Ақан серінің трагедиялық кезеңін суреттей отырып, заман шындығын көрсету, өнерді дәріптеу.
« Жанры: Поэма
« Композициялық талдау:
Пролог: «Толғану». Жер жаннаты - Көкшетау.
Басталуы: «Құлагерді» жырлаған Арқаның еркесі Ақан сері. Ереймен, керейдегі Сағынайдың асы.
Байланысуы: Халықтың Құлагерге берген бағасы. Күреңбайдың сыны. Дамуы: Батыраштың қызғаныштан егесуі.
Шиеленісуі: Бәйгенің басталуы.
Шарықтау шегі: Жыланды өзегі. Құлагердің көзден таса болып, қастандықпен өлтірілуі. Шешімі: Ақан серінің бебеу қаққан зарлы - «Құлагер» әні.
« Кейіпкерлері:
Ақан сері - ХІХ ғ. қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері, ақын, сері , Құлагердің иесі.
«Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен, Өмірді өткізген жан өз қарқынмен. Өмірдің ащы емес, тұщысын да Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен. Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден, Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген. Қызықтың айдынына құлаш ұрып, Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген... Текті құс тазалықты қолына ұстап, Арманы-ақ сұлулықты сүю деген.»
Күреңбай - тұлпарды тани білетін сыншы.
Батыраш - Бегайдардың ұрпағы, зұлымдық пен жауыздықтың өкілі, «Көктұйғын» аттың иесі. Ақан серіге кегі бар, Құлагерді өлтірткен адам.
«Батыраш бала жастан атқа құмар, Айқайшыл ат әперген баққа құмар. Арам ой, ата намыс ұр-шоқпары, Кір көңіл, сарайының батпағы бар»
Жас бала -жетім, мылқау, Құлагермен бәйгеге шыққан.
« Маңызды деректер:
Жер-су аттары: Көкшетау, Арқа, Аршалы, Ақтасты, Алматы, Алатау, Гималай, Кавказ, Жөңке, Атай, Алай, Оқжетпес, Хантәңірі, Бурабай, Арал, Балқаш, Сырымбет, Зереңді, Иман, Айыртаулар, Жетісу, Ертіс, яЕреймен, Қараөткел, Қарқаралы т.б.
Ақан серінің сипаты:
«Туғаны Арқадағы Арғын елі. Өскені Көкшетаудың шалғын жері. Ащы тіл, асау мінез қылығынан, Атанып кетпеді ме, Азғын, пері?»
Лақап аттары: «Әулие», «Пері», «Арқаның еркесі».
Көкшеде сұлу сүйген, өлең айтқан, жан досы, жан серігі, мұңдасы, сырласы іспеспетті жолдасы - Құлагер аты. Ақмарқаны аламын деп, ұнатады.
Арқада Ерейменді мекен еткен Керейде Сағынайдың асы болады, Ақан сері ат жарысқа келеді. Асқа келгендер: Қараөткел, Қарқаралы, Кереку, Баян, Семей, Торғай, Жетісу, Қаратау және т.б. «Көкшетаудың дүлділі, құласы» - Құлагер.
Құлагердің сипаты:
«Салпы ерін, сала сүйек, салбыр тірсек, Қатыбас, қаншыр мойын, ит өндіршек. Бітімі ойқы-шойқы, орда-шорқы, Пішкендей жануардыолақ өлшеп. Алмайды мынау бәйге, жылқы көрсек, Көк еті кедір-бұдыр, бөлшек-бөлшек. Көкшетау шолағын да мақтайтын ел, Осыған ит болайық, бәйге берсек. Құлаға мініп қоян атар едім,
Мен мұны жүргіншіге сатар едім. Болғанша асқа күлкі «ат қостым» деп, Үйімде тыныш қана жатар едім. Қойшыға мен мінгізіп қояр едім, Семіртіп мен соғымды сояр едім. Кемпірдің азасына әкеп салып, Бата оқып, ет, қымызға тояр едім. Сүйегі – сиыр сүйек, қиқы-жиқы,
Сал бөксе, жазық бауыр, ұзын тұрқы...» Тұлпардың мықты тегін тек Күреңбай сыншы ғана танып:
«Жаман сұрқы,
Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,
Артынан жөнелгенде жетпес жылқы! – деп жұрт таңғаларлық баға береді.
Ақан сері салған әндер: «Үш тоты», «Ақсаусақ», «Марқа», «Сырымбет», «Бай-бай, Құлагерім...» «Аттың аза-лы» әні
Бәйгеге 1300 жүйрік қосылмақ. Олар Сырдың Қызқарасы, Жарылғаптың жирені, Семейдің Сұр серкесі, Алатау-дың Аққанат Кері, Балқаштың бейпіл Бөртесі, Алтайдың серпінді Көктұйғыны, меруерт жалдас Шудың Ақсұры, Ұлытаудың Ұбайы, Қаратаудың Құмайы, Қыпшақтың Ақбақайы, Қырғыздың Көктопайы, Ақдиатаудың Аласы, Көкшетаудың Құласы, Ертістен Елік-құбақан, Есілдің Қасқа бұласы.
Төрт жүйрік озып шығады, алда келе жатқан баран ат - Құлагер Жыланды өзегінде жоқ боп кетеді. Мәреге бірін-ші болып, Көктұйғын – Батыраштың сәйгүлігі, екінші – Айтпақтың күреңі, одан кейін – Шорманның Бурылы ке-леді.
Құлагерді жолда Батыраш жіберген ақ боз атты, қара киім, Тұй,ынкөк айбалтамен өлтіреді. Ақан сері қатты қайғырып «Құлагер» әнін зарлайды.
Басын кесіп алып, тау жаққа тасаға кетіп қалады.
« Ұлттық құндылық: Ескі өмір салты мен дәстүрлер
« Түсінік+өз ойым: «Құлагер» поэмасы арқылы автор Құлагер өлгенімен Ақанның жаны жараланғанымен, әні мәңгі жасайды, өнер өлмейді деген түйін жасайды.
« Ұқсас шығарма: «Күйші» поэмасы Ілияс Жансүгіров
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter