25.11.2024
  101


Автор: Қазақ әдебиеті

«АҚБІЛЕК» ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

 


 


« Тақырыбы: Әйел теңдігі


« Идеясы: Қазақ халқының аумалы-төкпелі кезеңін суреттей отырып, қазақ қыздарының тағдырын, бақытты өмір үшін күресу долын көрсету.


« Жанры: Роман


 


« Композициялық талдау:


Басталуы: Алтай табиғаты.Патша әскерінің лаңы.


Байланысуы: Мұқаштың сатқындығы. Ақбілектің қара мұрт офицер қолында ойыншық болуы. Офицер моно-логі, Мұқаш, Бекболат туралы.


Дамуы: Ақбілектің басынан өткен қиындықтар. Дуананы кездестіріп, еліне оралуы. Шиеленісуі: Ақбілекті қабылдамаған ауыл. Ақбілектен бас тартқан Бекболат. Шарықтау шегі: Жаңашылдыққа ұмтылған, білімді, көзі ашылған Ақбілек. Шешімі: Бақыт пен махаббатқа қол жеткізген Ақбілек.


 


« Кейіпкерлері:


Мамырбай - Ақбілектің әкесі, көңілі түзу, ниеті ақ, жасық жан. «Баласының жақсы болғаның бір кісідей тіле-


 


уші еді, балажан кісі. Болыс ішінен де қадірі басым, салмақты, табанды кісі еді.»


Мамырбайдың бәйбішесі - Ақбілек үшін бәріне дайын болған, қорғау кезінде 25 дүре соғылған, орыстар қолы-нан мерт болған анасы.


Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының жиынтық бейнесі. Әке-шешесінің еркесіғ ажарына көркі сай, қанша қиындық көрсе де, соңында мақсатына жеткен жан. «МАмырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегің көйлендетіп жүрген сұлу...»


Мұқаш - жеке басының қамын ойлаған, мансапқор надан. Ақбілекті ұстап берген сатқын, ойы арам, әрекеті па-сық жан. «...Таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем - Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес... Жалғыз кемдігім - қағаз танымаймын...»


Бекболат - роман басында Ақбілекке ғашық болып, сөз салып жүрген жігіті, «қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуінде... Басымда барқытпен тысталған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, күміс белбеу бар... Өткір кездігі мен дабыл байлайтын шеттегі- өнерсіз жігіт емес екенін көрсетеді...»


Офицер - «Қарамұрт» деп Ақбілек түріне қарап ат қойған. орыс саясатының жинақ көрінісінен бөлек, болмысы түзу жан. Романовтар әулетінен шыққан, Ақбілекті ұнатып қалған адам, адамгершілігі бар деп сипатталады. Ұрқия - Әмірдің әйелі. Ақбілектің ең жақын сырлас жеңгесі. Көмек қолын созуға дайын жақсы адам. Ақбілек-тің баласын асырап өсірген.


Іскендір дуана - адам баласына жамандық ойламайтын, Ақбілекті жақын ауылға жеткізген жан. «Іскендірде үш жоқ, кез келген үй - оған үй... Ол өтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандық ойламайды. Үл-кенді «әке», «аға» деп тұрады... Бала біткенді «балақайым» дейді, кісіге өмірі қатты сөз айтпайды....»


Жирен орыс - Ақбілекті жәбірлеген орыс офицері, қарамұртпен дуэльге шығып өлім құшады.


Әмір - Ақбілектің немере ағасы, Ұрқияның күйеуі. «Әмір - Мамырбадың немере інісі, әкесі Тәуірбай Мамыр-баймен туысқан. Әмір өзіндік ораза атары бар, біртоға момын жігіт...»\


Төлеген - Ақбілектің туған ағасы. 12 жасында қалаға оқуға түседі, 6-7 жыл оқып адам болған. Мұқаш туралы арыз берген, қызметі - мұғалім.


Балташ - Ақбілектің жанын түсінген, бұрынғы жағдайына қарамасттан, шын сүйген күйеуі, көзі ашық оқыған жан.


Мағиша - Төлегеннің жары, Ақбілекке қамқор болған, қалада оқу оқыған жеңгесі.


Қажікен мен Сара - Ақбілектің 12 жасар інісі мен 7 жасар сіңілісі. Ақбілек қамқор болған жандар. Жылтыр - сабындай сусып тұрған сужұқпастың өзі.


Өрік - Ақбілекке күн көрсетпеген, өгей шешесі.


Ақбала - Ақбілекті ұнатып, кейіннен бас тартқан, көзі ашық жігіт.


Әбен, Мұсабай, Тезекбай, Күмсінай, Бозінген - ауыл бейнесін, надан халық бейнесін ашатын ауыл адамдары. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген - оқыған азамат бейнесін ашатын Ақбілеткің достары.


Ескендір - Ақбілектің офицерден туған баласы. Ұрқия асырап өсірген. 5 жасында сүйкімді, өжет, зерек бала бо-лады.


Күлікен - Ақбілектердің жанындағы Ескендірмен ойнайтын кішкентай балалары.


 


« Маңызды деректер:


«АРМАН-ПВ» Ақбілек романы әлі көшпенділіктен арыла қоймаған қазақ ауылының ерекше табиғатын суреттеуден басталады: «Өскеменнің арғы жағында, Бұқтырманың бер жағында әлемге әйгілі Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіске түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай Күршімі - не заманнан қалың найман мекені... Марқакөлдің суы балдай...»


 


Шығармада полифониялық әуезділік пейзажды бейнелеуде көрініс табады, ақ өлең, яғни «верлибр» ұйқасы қа-лыптасқан.


Ең басты оқиға - «ақ қашып, қызыл қуған» аласапыранның қазақ ауылын да естен тандыра жайпап өтуі. Ақбілек офицердің түр-сипатына қарап, Қарамұрт деген ат қояды. Онымен «теке көз, бұжыр сары тілмаш арқы-лы тілдеседі.


Қарамұрттың өмір тарихы «Офицер»(Әпесер) тараушасында баяндалады. Ол - Романовтар әулетіне төнген зоба-лаң құрбандарының бірі. Қызыл әскерден қашып, еріксізден осы жерлерге келген.


Офицерлердің мақсаты: Қытайға өту, Ақбілектің ілескісі келмейді. «Бұралқы күшіктец қаңғырып» айдалада жалғыз қалады.


Қоста жалғыз қалған Ақбілекті енді қасқырлармен арпалыс күтеді. От жағып, таң атқанша үркітіп, әрең құтыла-ды.


Ақбілек жыланнан бозторғайды құтқарып қалып, мұны жақсылыққа жориды. «Жылан торғайды арбап жейдді» дегенді бала кезінен естіген болатын.


Кездесетін мақал-мәтелдер: «Құлақ естігенді көз көреді».


Көп ұзамай Ескендір дуананы кездестіреді, Ақбілекті арқалап, жақын жердегі ауылға жеткізеді.


Ақбілекті ар азабы күтеді. Ақбілектің Қарамұрттан аяғы ауыр болып, Бекболат та ретіс айналады. Өрік деген


 


Мамырбайдың тоқалы жайсыз адам.


Ақбілекке қамқор болып, баласын өз бауырна басқан жеңгесі - Ұрқия болады.


Мұқаштың сипаттамасы - Абайдың «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңіндегі болсы сияқты.


Ақбілекті жауға ұстап берген себебі: Мамырбайдың қаладағы баласы Төлегенге деген араздығы, болыс болмай қалғандығын содан көреді.


Ақбілектің прототипі - Дариға Әбішқызы Шығанши ауылында болыс болған, солдаттарға киім-кешек тіккен, қыздарды тігіншілікке бауллыған көзі ашық жан.


МЕКТЕП+ЖАЗУШЫ+АТАМҰРА Жалғыз ала ат мінген адам Алтай бөктерінде жүреді. Көтегейті - Күшім жақ, бет алысы - Қараекем шаты. Бұл терең шатта бесатар ұстаған біреу тығылып жүреді, әлгі ақ орамал көтергенде, ол сәйкесінше ақ тымағын көтереді.


Осының алдында Ақбілектің сол жақ көзі тартады, - елемейді.


Күн батпай тұрып, терең шаттан төрт атты шығады да, ауылға ойран салады. Бәбіше орыс келді дегенде Ақбілекті жасырып қояды. Орыстар қызды іздеп таппайды. Үш орыс бәйбішеге 25 дүре соғады.


Мақал: «Бір анадан ала да туады, құла да туады».


Сол кезде ауыл сыртында Мұқаш жүреді. «Ағатай, көмектесші» деген Ақбілекті ұстап береді. Анасы құтқармақ боп мерт болады.


Ал Ақбілектің соңынан қуып құтқармақ болған Бекболатты оң иығынан жаралайды. «Офицер» тарауында орыстың шын ұлымыз дей келе, өз жайынан хабар береді.


«Мұқаш» 15-ке келгенше Шамамбайдың, Төлеубайдың қозысын бағады. Қойға бір тай да мінгізбейді. Бәдіғұл-дың жылқысын бағып, көзі ашылады. Кейін параходқа жұмысқа барады. Өскемен, Семей, Зайсан сияқты қала-ларды Ертіс ағып көреді, жалғыз кемдіігі: хат танымайды. Балшабайға жазылып бесатар алады. Болыс болайын деп тұрғанда, Төлеген арыз беріп, бола алмай қалады. Ақтарға қызмет қылады. Кейін өзін ойлап, ақтарды қы-зылдарға ұстап береді.


Ақбілекке екі орыс: жирен орыс пен қара мұрт таласады. Дуэль жасап, қарамұрт жеңеді.


Қарамұрт Ақбілекті өлтірмекші болады, бірақ Ақбілек жақсы түс көрдім деп ырымдайды да аман қалады. Түсін-де қарамұртпен қалаға барғанын көреді. Өздері жауға аттанып, Ақбілекті Қарашатта жалғыз тастап кетеді. Мұқашқа қатысты мақалдар: «Жау жоқ деме - жер астында, бөрі жоқ деме - бөрік астында», «Іштен шыққан жау жаман».


«Ел құлағы - елу», «Жақсы лепес - жарым ырыс», «Қорыққанға қос көрінеді» - мақал-мәтелдер.


Дуана екеуі ауылға жеткенде ауқатты Мұсабай үйіне бармай, Күмсінайға барады. Мұсабайдың әйелі - Бозінген. Ақбілек жайлы таратып жібереді, ағасы Әмір келеді.


Ақбілек үйіне келгелі 15 күн өтеді. Ақбілектің ісі: басына қара салыну, абата қыла келген әйелдерге көрісу, жы-лау, жоқтау, жұбату айту.


Ақбілектің 12 жасар інісі - Қажікен, 7 жасар сіңілісі - Сара бар. Оңашада Ұрқия Қарашат маңында болғанды да сұрап қояды.


Мамырбай қызы туралы көп ойлайды. Қараша түскенде күнделікті тірлікпен жүріп, Ақбілекпен табысып, сөйле-се бастайды. Ақбілекке де жан біткендей болады.


Ақсақал тай сояды, ағайын он шақты қой сойып жас төрелерді күтеді. Ақбілек пен жеңгесі, Тқлеген мен Балташ келеді. Той болып, ай жарыстырып, күрес, көкпар болады. Ауылда қызыл отау, яғни білім үйін ашады. Бәрі бақытты болады.


Әкесі де разы болады, Бекболат істеген ісініе ұялады. Матайдың Әбені екі ұрысын жіберіп, Мұқашты жайғастырады.


Ұрқия Ақбілекке шындықты айтады. Ескендір дуананы түсінде көріп, жақсыға жорып баланың атын солай қо-яды. Марқакөлдің жиегінде, Мамырбайдың Ақбілегі, жас Балташтың сүйген жары, Іскендірін құшып сүйіп, ба-ла болып, ана болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды.


 


« Ұлттық құндылық: ХХ ғ. басындағы қазақ өмірінің тарихынан сыр шертеді.


« Түсінік+өз ойым: «Ақбілек» романы қазақ қыздарының теңсіздігін, жалпы халық тұрмысы мен жағдайын сипаттап өтетін өте ерекше шығарма. Қазақ халқының басынан кешкенін бір ғана Ақбілек бейнесіне жи-нақтап жазған бұл шығарманың әдебиетте орны бөлек.


« Ұқсас шығарма: «Алғашқы ұстаз» Шыңғыс Айтматов




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу