25.11.2024
  32


Автор: Қазақ әдебиеті

«БАТЫР БАЯН» МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

 


 


« Тақырыбы: Ерлік пен батырлық, намыс пен ғашықтық сезім « Идеясы: Батыр Баян бейнесін ашу, батырлықты дәріптеу.


« Жанры: Поэма


 


« Композициялық талдау:


Басталуы: Алашқа туған қиын күндер. Абылайдың жиын құруы.


Байланысуы: Батырлығы Алашқа аян Баян Батыр. Баянның қалмақ қызын алып келуі. Дамуы: Ноянның бір көргеннен қызға ғашық болуы. Қалмақ қызының қалауы. Шиеленісуі: Екі жастың қашуы, ашуға булыққан Баян.


Шарықтау шегі: Баянның екі жасты аяусыз өлтіруі. Өкініш. Шешімі: Батырдың қайғысы. Соңғы соғыс.


 


« Кейіпкерлері:


Баян - батырлығы алашқа аян ер, Абылайдың сенімді серігі.


«Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді, Майданда жол барыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?! Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?»


 


Абылай хан - Алаштың ханы, ел қорғаған ер. Қанай - Абылайдың кеңесші билерінің бірі.


Ноян - Баянның 15 жасар інісі, қалмақ қызына ғашық боп, бірге қашқан. «Баянның інісі бар он бес жаста –


Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян. Ноянның бар ақылы білегінде, Билеген асау жүрек, қайнаған қан. Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан, Ноянның жүрегінде ұшқын туған.


Сол ұшқын өртке айналып, жап-жас Ноян, Алысып жүрегімен, аласұрған...»


Қалмақ қызы(Құралай) - Баян алып келген 14 жасар сұлу, айлакер қалмақ қызы. «Сол сұлу – сұлу екен атқан таңдай,


Бір соған бар сұлулық жиылғандай. Торғын ет, шапақтай бет, тісі – меруерт, Сөздері – су сылдырап құйылғандай...»


Ауыл ақсақалы - Баянға екі жастың қашқанын хабарлап, Ноянның кінәсіз екенін айтқан адам.


 


« Маңызды деректер:


Жер-су атаулары: Бурабай - Абылай хан бастаған жиын өткен жер; Көкшенің бауыры - Баянды жиылған халыө күткен жер;


Сарыарқа - сәске кезінде екі жастың қашқан жері;


«Қандыөзек» аталып кеткен Жолдыөзек - Баянның түс ауа екі жасты қуып жетіп, өлтірген жері; Іле бойы - Батыр Баянның соңғы соғысы өтіп, қаза болған жері;


Арқа - Баянның туған жері;


Кездесетін батырлардың есімдері: Ер Көкше, Ер Қосай, Сары, Баян, Барыс.


Тарихи оқиға: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»; Қалмақ, қытай, орыстар 3 жақтан қауіп төнген кезең. Қалмақтан қулықпен құтылмақ болған қос қалмақ қонтайшысы: Ұса, Серен(жеті елші жібереді). Қалмақ қыздың Ноянға айтқан қалауы: Ата-анасына, еліне қайту, Ноянмен қашып кету. Анасының «Елдің шетін көрмей, ерге барма!» - деген анты.


Қайғыдан күңіреніп, ашуға бой алдырып, кейіннен Баянның қатты өкінген жыр жолдары: «Жарыққа қу қалмаққа жүрді неге?


Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды, Көр болғыр екі көзім көрдің неге?»


Батыр Баянның інісі мен қалмақ қызын өлтіру себебі: «Алты Алаштың намысы үшін». «...Ел беті енді маған арам,


Алашым, аттанамын, жауында өлем!» - деп, Көкшетаудағы ақ ордаснда күтіп отырған Абылай ханға келіп, жауға аттанады, сол соғыста қаза болады.


 


« Ұлттық құндылық: Тарихи оқиға, батырлық.


« Түсінік+өз ойым: Қазақ әдебиетінде өзінің сыршылдығымен ғана емес, романтикалық сарынымен де ерек-шеленетін, маңызды орын алатын тарихи-әдеби мұра. Батырлық пен намысты насихаттайды.


« Ұқсас шығарма: «Аңыздың ақыры» эпизоды Әбіш Кекілбаев


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу