25.11.2024
  18


Автор: Қазақ әдебиеті

 «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі»

 


 


Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сында-ры мынау екен:


Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қары-ным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті.


Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық ойтүндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.


Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», - депті.


Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», - депті.


Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның - мы-нау ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», - депті.


Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен», - депті.


Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үнде-мейсіз?» - дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май», - деп жүре беріпті.


Сілентіден өтіп, Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алды-ма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің», - депті.


Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», -депті.


Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», - депті.


Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен», - депті. Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен», - депті.


Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен», - депті.


Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», - депті.


Сулы Келес, Нұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуің, сиыр болып мөңіреуің. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен», депті.


Асанқайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға


жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.


Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең, атым көтере алмайды-ау!» - депті.


Шыңғырлауды көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау, сен өсір-дің!» - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік», - деген екен.


«Ай, Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау, есіл ерім-ай», - деп бір төбеге келіп жылап тұрған екен.


 


Елі үшін қайғы-мұңсыз, жанға жайлы, малға құт, жауласу жоқ, «қой үстінде боз торғай жұмыртқалайтын» қоныс болар Жерұйықты тапқысы келген Асанқайғы Желмаясына мініп, жиһан кезіп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жерді іздейді.


Маңғыстауға үш барып, үш қайтқан Асан: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан


 


жақсы жер болмас», – депті.


Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс», – депті.


Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» – деп жүріп кетіпті.


Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», – деп қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті. Әулие атаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүй-гін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер», – депті.


Қарсақбай аймағын көргенде (Жезқазған жері): «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!», – деп жүріп кетіпті.


Асанқайғы «шұрайлы қоныс, нұрлы өлке – Жерұйықты таба алмапты» дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден емес, қазақ топырағынан іздейді.


 


«Түсінік: Елінің қамын ойлаған Асанқайғының жерұйықты іздеуі ситпат алады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу