Шығармалар ✍️
«Біржан-Сара айтысы»
Сараның сөзі:
Қызы едім Тастанбектін, атым - Сара, Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жеке-дара… Сөйледім қаз мойынды жарма жалмен, Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен. Ауылында Тұрысбектің сөз сөйледім, Баласы Қожағұлдың Біржан салмен…
Біржанның қызды шақырып айтқан сөзі: Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері. Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Ауылында Тұрысбектің өлер жері…
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,
Кең колтық арғымақпын алқымы іспес.
Басайын аптығынды тез шық, Сара, Сен түгіл, әкендеймен болдым істес. Бұл үйде Сара бар ма, отыр неғып? Қарсы ұшпай, тотықұстай қанат қағып. Жел қабыз, жез тағалы еніреумін,
Қара тер шыққан сайын кетем ағып…
Қыз ұялғанынан көріспеген соң, Біржанның айтқаны: …Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Сен түгіл, сенен артық құмар маған. Жалымнан ұстаған қызда арман қалмас,
Жібек жал арғымақпен тұмарланған.
Алмайтын еркек тілін жының бар ма, Адам деп сөз айтамын. Сара саған?!
Сонда Сараның берген жауабы: Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың, Сөз білсең, бұ да сенің жамандығың.
«Қиссасу-л-Әнбиеден» естімеп пе ен? Белгілі мәлім болды надандығың. Адамды топырақтан жаратты хақ,
Надандығың білінсін, бұл сөзге бак. Хауаға бұрын барған Адамата,
Бұл салттан кетпекшісің қалай аттап? Данышпан, білгіш қой деп ойлаушы едім, Арғын да жүр екен ғой жоқты мақтап…
Сонда Біржан сөйлейді: …Атадан Біржан сал боп тудым артық.
Ұраным - «Ер Қарқабат, Алтай-Қарпық» Аққумен аспандағы ән қосамын, Қозғасам ашы күйді түптен тартып. Қырмызы, асыл бекзат бар мінезім, Кетер ем еркек болсан бір-ақ тарпып. Бар еді қыз сыйлайтұғын бір мінезім. Самғаймын бәйге атындай артып-артып. Көкшетау дуанына даңкым барған,
Мен - Біржан, алтын тудай айқындалған. Есіткелі, Сара, сені үш жыл болды, Сері едім төңірекке құлаш салған. Түлкінің жүгірісін қыран байқар, Ұялсан, сөзің емес маған айтар. Қандыкөз, май жеп алған ақиықпын.
Сен түгіл, қасқыр көрсе бір-ақ шайнар…
Сонда Сараның айтқаны: Ей, Біржан, жасын үлкен, өзің аға, Қымбаттығым белгілі, білсең баға.
Қамысты терен көлдің сұқсырымын,
Қанғырған ілдірмеймін қаршығаға…
Өленді қолқа қылсан ағытайын, Самарқан жібегіндей оннан өріп. Әншейін сыпайы деп қимай тұрмын, Көзінді төрт кылар ем иттей керіп. Сөзбенен жеңемін деп ойламаныз, Бір жерде мүдірер деп көніл бөліп. Тілінді тарта сөйле, Біржан батыр,
Жарамас, жүдеп қайтсан, іздеп келіп…
Сонда Біржанның айтқаны: Арғынның көз жеткісіз аймағы бар, Төнірек жеті дуан ойнағы бар.
Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, Алты жүз жас бота мен тайлағы бар… Тәттімбет - ардагерім Арғын асқан,
Қырық түрлі күй ілінген бармағына. Ежелден әрі баймын, әрі молмын,
Шын қызсам, шыдамайсың зардабыма…
Сонда Сараның айтқан жауабы: Ей, Біржан, сөз сөйлейін анықтатып, Көңілің ауырмасын, қабақ қатып.
Көкшетау, Қызылжарда талай Арғын, Күн көрген жанын жалдап, жатақ жатып. Найманнан қай жерің бай мақтағанмен… Бармаған соң жайымды білмейді деп, Құр босқа мақтанасың тәнір атып…
Майысып нәзік белім бұран қаққан,
Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан.
Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,
Сықылды гауһар сағат нақыс шапқан…
Мойыным сұңғағындай жүзген кудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қаққанда төңкерілген қас бітісім,
Ашылған айбатындай жібек тудың.
Қырмызы қызыл жібек маңдайым кең,
Арғынның айтшы, кәне, қай қызы тең?…
Арғынды мақтасаң да жетті Найман, Жетпек түгіл, байлыққа өтті Найман. Бұралқы үйге сіңген күшік иттей,
Бай болсан, мұнда, Біржан, келдің қайдан?…
Сонда Біржанның айтқан жауабы: …Жорғамын сарынымен самғайтұғын,
Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын.
Әнімді он екі взвод жіберейін, Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын…
Қырымға қарайтұғын қыран құспын,
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.
Айнымас қанды балақ ақиықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.
Асылмын аспандағы құс болғанда,
Қантарда қалшылдаған тоңбайтұғын.
Тұлпармын Көрұғлының пырағындай,
Алдына жүгірсе мал салмайтұғын…
Сонда Сараның айтқан жауабы: …Ұшырған тәрбиелеп ақтұйғынмын, Матайдың Қаракерей сеңгірінен.
Даусыма аспандағы кұс айналар, Құбылып тотықұстай төңкерілген…
Сайраған тамам Найман бұлбұлымын,
Қапаста жел тигізбей жем берілген.
Жұрт сыншы өзі білмес, екі дәугер, Белгі жоқ адымыңда теңгерілген. Мактанғаным болмаса, осы кеудем, Он Арғын шалымынан кең көрінген. Бірінен-бірі дамып, асып түсер, Дауысым алтын тудай шоқ көрінген.
Сонда Біржанның айтқаны: Жарайды, жаным Сара, осы сөзің, Тастүлек тұрымтайдай екі көзің. Сөз айтар қандай кісі деген кезде, Алдымнан Құдай айдап келді кезің.
«Мың асқанға бір тосқан бар-ақ» деген, Талайдың кисық деуші ем құрған тезін. Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін! Қанатын күн шалмаған ақтұйғыннын. Жапалақ иемденер басқан ізін.
Қор болдың бір қортыққа, Сара қалқам, Армансыз қылар кімнің үйі-түзін!… Майысқан сегіз қырлы жүйрік-аксын. Қай жерден болжамайсың тынарынды. Тез алдырт күйеуінді, Сара, осында, Көрейін күйеуінді тиген таңдап… Ер шығар тотықұстай неше түрлі,
«Жақсыны көрмек үшін» деген Сара, Өзі түгіл, елдің қамын жеген Сара,
Мырзанды Жиенқұлдай шапшаң шақырт, Ұялып бөгелесін неден, Сара?!
Сонда Сараның Найманның жақсыларына мұнын шағып айтқаны: Қажеке-ау, мынау қалай ақырады,
«Жиенқұл тез келсін» деп шақырады. Көрсетсең, асылыңды ап келіндер, Ауылында ол келгенше отырады. Арғынға жол бермеген есіл тілім,
Күн өтпей, кор боп ұшқан кызыл гүлім! Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем, Есекке қосақтаулы өтті-ау күнім! Өзі білер деуші едім жақсылардың.
Ақыры қайыр болды енді мұным. Алтайдың санлағымын сөйлесем де, Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным. Сіздерге сенетұғын сорлы басым, Келгенде Жиенкұлға шықпайды үнім!
Өздерің Жиенкұлды көріп едің, Құдайдан қорықпай-ақ беріп едің.
Шақырған Найман шалдын аруағына, Бәріне кыз да болсам серік едім. Біржанға алдырт, көрсет Жиенкұлды, Бар жұртқа оның сыры аян болды. Ұяттан кісі өлмейді, сағы сынар.
Қайтейін, Құдай қосып кем қылды… Сыртынан өленменен шакырайын, Біржанға өзімді-өзім таба қылмай.
Сәлем де Жиенкұлға, келсін жатпай, Келуге шошынады неден батпай? Әркімнің қолда бары өзіне алтын. Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай. Көрінсін Біржан салға ай секілді, Аққұйрық көңілашар шай секілді. Ұсынса қол жетпейтін, арғымағым, Арғынға баламаймын тай секілді. Тез келіп амандассын Біржан салға, Көрінсін айбаттанып Арғын шалға. Әркім теке кояды өз лағын, Әйтеуір, мені сатып алды малға. Бермесін дұшпаныма намысымды, Біледі Арғын, Найман дабысымды.
Бар болса шыбын жаны шапшан жетсін, Ел таныр арғымақтай шабысымды… Көрінсін салтанатпен менің серім, Сол еді Құдай қосқан барар жерім. Кедейге қонақасы - тай ап келсін, Талабы Тәттімбеттей асыл ерім!
Сонда Біржан сөйлейді: Көрейін кісі жібер күйеуіңе. Көнбейді жаман болса сүйеуіне.
Шіркінің қандай екен көзім көрсін, Адамның таласатын біреуіне. Мақтамай, көрсет көзге келтіріп-ақ, Сөзбенен жүдеттін ғой өлтіріп-ақ. Ұялмай осы топка көріне ме,
Өнерсіз, жігері жоқ жетпегір-ак?!
Сараның айтқан сөзі: Қажеке-ау, кісі жібер балаңызға,
Әзәзіл болды Біржан арамызға. Сыртынан мақтасам да керек болды, Көрсетпей, жігітті ұрлап қаламыз ба? Өзіннің құла жорған барсын оған, Жиекем бежін ерін салсын оған. Біржанды бір қаққаннан қалдырмас ем, Құдайым, мені қайдан қосты соған? Қажеке-ау, алдыртыныз қонақ кетпей, Біржан тұр «көремін» деп сөзі бітпей. Ажал да кісі таңдап алады екен, Сол итті неге қойған алып кетпей?! Қонжиып мінер құла жорға барса, Келе алмас сол шірігін қорғаласа. Рас бізді масқара қылар сонда,
Қорс етіп «бармаймын» деп үйде қалса…
Біржанның айтқаны:
Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ, Ербиер есіз тауға шыққандай-ақ. Жиенкұл күжірейіп келер ме екен, Он мата арқасына тыққандай-ақ.
Законда зорлық болмас жақсы адамға, Жақсыны қор қып болмас бір жаманға. Және де аят пенен хадисте бар. Жылатып берме деген еш наданға… Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр аман, Таянды қайтар уақытым елге таман. Айналып ендігі жыл бір келермін, Тысқары топырақтан болсам аман. Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл, ер құнына келер шаман. Бар болса сүйегінде ойларсындар, «Өлі тілін тірі алмас» деген заман.
Байлаулы бала құстай Сара сорлы, Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.
Енді Сараның өзінің айтқан сөзі: Сал Біржан жүріп кетті амандасып, Екі күн арпалыстың табандасып. Шіркінге қимағаннан жорға бердім,
Басында сөйлессем де жамандасып. Жүре көр ақын Біржан бізді сұрай, Тысқары топырақтан қылса Құдай.
Сонда Біржанның айтқаны: Шырағым, Сара сендей тумас бала, Шежіре, туармысын мұндай дана! Обалын Есімбек пен Тұрысбекке, Жігітің жөндеу екен, ей, бейшара!
Ел-жұртың корықпайды екен көз жасыңнан, Қиып кеткім келмейді мен қасыннан. Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін, Адамзат озар емес өз басыңнан… Бір басты адам болмас сан өнерлі, Айбатың әлемге айқын ай бедерлі. Садаға тырнағынан кетсін, Сара, Сан жүйрік көріп едім мен нелерді.
Сөз айтты сонда Біржан біздің жаққа, Ұмытпан Сара сені әр уакытта. Қайырған сөзбен жетіп, есіл шіркін, Көремін қайта айналып қайсы уақта. Есімбек босқа сатпа асылыңды, Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді. Ұкпасан. Арғын жокты айтты дерсін, Есеке-ау, құлағына ал осынымды. Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа, Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста…
Ру аттары: Арғын, Найман, Матай
Жер-су аттары: Жетісу өңірі, Қызылжар, Көкшетау, Алтай
Біржанның өзің сипаттауы:
“Орта жүздің сайраған бұлбұлымын”
“Сөз бедері алтын мн күмістің нақысындай” “Алтайдың мергені”
“Жерге түспейтін мұзбалақ, ақиық”
Сараның өзің сипаттауы: “Адамның жүйрігі”
“Шеберден мін алатын мініскер” “Бәйгеден күнде озатын жалғыз қара”
«Түсінік: Әйел теңдігі мәселесі қозғалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter