25.11.2024
  1822


Автор: Қазақ әдебиеті

 «Сүйінбай мен Қатаған айтысы»

 


 


«Тақырыбы: Айтыс өнері


«Идеясы: Сүйінбайдың ақындығын паш ету, бірлік пен елдіктің маңыздылығы «Жанры: Ақындар айтысы


 


«Композициялық талдау: Басталуы: Орман ханның ас беруі


Байланысуы: Қазақ-қырғыздың жиналуы Дамуы: Сүйінбайдың сөз бастап, амандасуы Шиеленісуі: Қағілез Қатағанның екпіні Шарықтау шегі: Сүйінбайдың жауабы Шешімі: Соңғы шешім, Қатағанның жеңілісі


 


«Кейіпкерлері:


Орман - Қырғыз ханы, шонжар манабы


Тезек - Жетісу қазақтарын билеп отырған төре. Бәйтік - Қырғыз елінің шоң манабы.


Сүйінбай - бадана көз, сұлу жігіт, қазақтың айтыскер ақыны.


Қатаған - қырғыздан шыққан қағілез қайыстай қара жігіт, айтыскер ақын. Бөлтірік - жиынға келген шешен.


Жантай - айтыстың шешімін айтқан батыр.


 


 


«Маңызды деректер:


Атақты ас қырғыз жерінде Ыстықкөл жайлауында ХІХ ғасырдың орта шенінде өт-кен(1852 жыл маусым айының басында).


Хабар қазақ еліне алты ай бұрын тарайды. Орман хан Тезек төреге арнайы шақыру хат жібереді. Ақын, жыршы, жырауларды, найзагер, бапкер, палуандарды ала келуді өтінеді. Асқа қазақ-қырғыздың ақсүйек, би-болыстарымен қатар, қарапайым халық та көп жина-лады.


Қырғыз манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа көз салып: «Тезек-ау, мына бадана көз, сұрша жігітің Сүйінбай ақын емес пе?» – дейді.


Сүйінбай Жантайға, Қара Бәйтік пен Әтекеңе, Орманханға сәлемдесе келгенің айтады. Қатаған өзің қияқты сұңқарға, Сүйінбайды боз жапалаққа теңейді.


Қатаған сөзі:


«Байлық десең, мұнда бар, Көптік десең, мұнда бар, Беттік десең, мұнда бар, Көкше қоян құмда бар, Біздей ерчі қайда бар?!»


Қатағанның айтқан рулары: Қара Бәйтік, Сарыбақ, Бұғы, Қасар ұры, Сары ру, Солты, Қанайым.


Қатағанның екпінінен жасқанған, Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай берген адам: Тезек төре


Сол кезде Тезек төреге: «Ей, төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай өлең та-ппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды», - деген адам: Бөл-тірік батыр


Сүйінбайдың Қатаған сөзіне берген жауабы: «Көппін деп айттың, Қатаған,


Көптігің сенің қайда бар, Үш атаның ұлысың.


 


Қазағымды қаптатсам, Жұртта қалған күшіктей, Айдалада ұлырсың.»


 


Сүйінбайдың жауабында аты аталатын қазақ есімдері, рулары: Шапырашты, Сұраншы, Саурық, Қарасай, Есқожа, Ошақты, Ысты, Ойық пенен Тілік, Сары Үйсін, Қаңлы, Шанышқылы, Қожа менен Тоғышақ, Қали, Сіргелі, Жалайыр, Абақ, Тарақ, Орақ батыр, Балпық, Он екі ата Жалайыр, Дулат, Сыпатай аңдас Бәйсейіт, Сиқым, Жа-ныс, Ботпай, Шымыр, Алты аталы Албан, Суан, Найман, Керей, Арғын, Қаракесек, Атығай мен Қарауыл, Тобықты менен Уақ, Жанқұтты, Сұлтан Сиық, Байсиық, Он екі ата Байұлы, Жеті аталы Жеті ру, Әлім менен Шөмекей, Тоқсан баулы Қоңырат, Қыпшақ, Тама.


Шабыттанған Сүйінбай барлық қазақ руларын түгендеп, халқының көптігін, елінің ерлігін, өрлігін, серілігін аспандата, асқақтата айта келіп, қорытындылаған сөзі: «Еменнен күшті ағашпын,


Еселесең сынбаймын! Алдаспанға жолықтың, Түбіңе жетпей тынбаймын! Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлдүлмін, Шығарма, Қатаған, үніңді!


 


«Ботам, Сүйінбай! Сен жеңдің, Қатаған жеңілді. Қатаған көппін деп мақтанды, аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді?! Бірақ қазақ алауыз ел, әттең, сен осыны айтпадың, Қатаған! - деп ашуланған адам: батыр Жантай.


«Сүйінбай, ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін: ...ал-ты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы сыйлаймыз. Риза бол, қарағым! - дейді Қара Бәйтік асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында.


Салт-дәстүрлер: ас беру, айтыс, сыйлық беру, жүлде, бас бәйге.


 


«Ұлттық құндылық: Елдің бірлігі мен халқының көптігі, айтыс өнерін дәріптеу. «Түсінік+өз ойым: Сүйінбай барлық қазақ руларын айта келе, елдің бірікте, татулықта


болғанын қалағанын аңғара аламыз.


«Ұқсас шығарма: «Сүйінбайдың Тезек төремен айтысы»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу