25.11.2024
  47


Автор: Қазақ әдебиеті

«МАЙҚЫ БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ» (Қосымша өзіме)))

 


 


Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


 


Ханның биі ақылды болса, Қара жерден кеме жүргізеді.


 


Би екеу болса, дау төртеу болады.


 


Дауыл болмай, жауын болмас, Даулы болған, қауым болмас.


 


Егіз ешкі сауын болмас, Екі жалқау ауыл болмас.


 


Естіге айтқан тура сөз, Шыңға тіккен тумен тең. Есерге айтқан тура сөз, Құмға сіңген сумен тең.


 


Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайда тепкі жейді.


 


Парақор биге ісің түспесін, Сараң үйге кісің түспесін.


 


Хан әділ болса, халық ынтымақты болады.


 


Бірлік түбі - береке.


 


Жаман әйел ер қадірін білмес.


 


Хан - халықтың қазығы.


 


Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.


 


Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.


 


Дау арашасыз болмас, хан қарашасыз болмас.


 


Бірліксіз тірлік жоқ.


 


«Тұлпардан тұлпар туады...»


 


Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады, Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады, Масылдан малбақпас туады, Тілазардан қылжақбас туады, Таздан жарғақбас туады, Сараңнан бермес туады, Соқырдан көрмес туады, Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу