25.11.2024
  118


Автор: Қазақ әдебиеті

«СЫРЫМНЫҢ ДАНАЛЫҒЫ»

 


 


Бала би мен Сырым:


«Үгітті ұққанға айту керек, ақылды жұққанға айту керек.» «Ат шабысына қарай шабады, ер намысына қарай шабады.» «аста тұз тәтті, адамда дос тәтті.»


Негізі Сырым Даттан ағайынды он бір, бірақ өзі былай деп жауап береді: «Мен ағайынды еке-умін: біреуі -өзім, екіншісі - халқым.»


«Сөз анасы -құлақ, су анасы - бұлақ, жол анасы - тұяқ, дін анасы - ұят.»


«Өтірік пен шынның арасы - төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеннің арасы неше шақырым деп мені алдамаңыз.»


«Дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету»


 


«Түсінік Сырым Бала бидің қойған сұрақтарына шешендікпен жауап берген және барлық сөздің бір астары бар екенін байқауға болады.


 


 


Қосымша (Сырым Датұлының нақыл сөздері) «Табалдырықтан биік тау жоқ,


Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.»


 


«Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер қайғы-зар.»


 


«Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса, шөлдеген өледі, ұяттан – тауып бермеген өледі.»


 


Дәурені озса, жасы жеткені болар, Қамқа тозса, күтімі кеткені болар.»


 


«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар, Айырдан нар болсам, атам жараған болар, Жоқтан бар болсам, Құдайым қараған болар.»


 


«Азамат жетім болмайды, халықтан болса панасы, Халық жетім болмайды, басшы болса данасы.»


 


«Ағаңнан айырылсаң – қанатыңның қайырылғаны, Әкеңнен айырылсаң – асқар тауыңның шағылғаны,


 


Сүйген жарыңнан айырылсаң – жапырағыңның қуарғаны, Анаңнан айырылсаң – ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.»


 


«Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар.»


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу