25.11.2024
  111


Автор: Қазақ әдебиеті

«ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ШЕШЕНДІГІ»

 


 


«Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын. Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын,


Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын....


 


Алтын ұяң – отаның қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың – әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Ұят пен ар қымбат,


Өзің сүйген жар қымбат...


 


Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің.


 


Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өр қиын, Тентек болса ұл қиын, Не істеріңді біле алмай


Ашиды сонда бос миың.»


 


« Түсінік: Кім жақын? Не қиын? Не қымбат? деген сауалдарға түсінікті тілде жауап бер-ген. Бәрінен де әйелің жақын болатынын айтып, Отан, ата-ананың, апа мен әке, елдің, ұят пен ардың, жардың ең қымбат екенін сөз қылады. Іштен шыққан жау, бітпейтін дау, ауыр сөз, жзылмас дерт, іске аспаған серт ең қиын дүниелер екенін айтып, одан сақтануға шақырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу