25.11.2024
  33


Автор: Қазақ әдебиеті

«Қыз Жібек»

 


 


«Тақырыбы: Қазақи дәстүрлер мен жастардың ғашықтық сезімі, ел тұрмысы мен қоғамы-ның ауқатты кезі суреттелетін махаббат оқиғасы. (дееп созыып жіберсең)


«Идеясы: Махаббат пен аманатқа деген адалдықты, ата-анаға деген ізгілікті дәріптеу. «Жанры: Лиро-эпостық жыр


 


«Композициялық талдау:


Басталуы: Жүз Жағалбайлы елінде болған жайт.


Байланысуы: Төлегеннің жар іздеуі. Төлегеннің Жайық қыздары жайлы естіуі. сырлы-бай көші.


Дамуы: Қаршығаның көмегі. Жібекпен кездесіп, құда түсуі. Қыз Жібектің түсі. Еліне оралған Төлеген.


Шиеленісуі: Базарбайдың теріс батасы. Бекежанның Төлегенді өлтіруі.


Шарықтау шегі: Бекежанның Жібекке Төлегеннің өлімін естіртуі. Хорен ханның Жібекті айттыруы.


Шешімі: Хорен хан мен Сансызбайдың айқасы. Жібектің Сансызбайға әмеңгерлікпен қо-сылуы.


 


«Кейіпкерлері:


Жібек - 14 жасар Шекті руынан шыққан Сырлыбай ханның қызы. Ақылына көркі сай өте сұлу. Жырдағы сипаты:


«Ақ маңдайы жылтылдап, Танадай көзі жарқылдап Алтын шашбау шашында. Қыз Жібектің шаштары -Қоғалы көлдің құрағы. Көз сипатын қарасаң, Сегіз бейіш ішінде


Хорлардың жаққан шырағы Дүрі- гауһар сырғасын Көтере алмай тұр құлағы Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың аппақ қарындай, Ақ бетінің қызылы,


Ақ тауықтың қанындай. Екі беттің ажары


Жазғы түскен сағымдай,


 


Білегінің шырайы Айбалтаның сабындай. Оймақ ауыз, құмай көз, Іздеген ерге табылды-ай Өткірлігін байқасаң Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей. Бір ауыз сөз сөйлескен, Мұратына жеткендей. Тірісі түгіл, Жібектің, Өлігіне адам қайырылып, Бетінен келіп өпкендей.»


Төлеген - Базарбайдың зарығып күткен ұлы, 16 жасқа келіп, қалыңдық іздеп жолға шыға-ды. Жағалбайлы елінен, Көкжорға атымен. Көрген әр сұлуға бір жорғадан беріп отырады. Жібектің ғашығы.


Базарбай - өзі сексенге, кіші әйелі қырық төртке келгенде Төлегені дүниеге келеді. Өзі бай болады.


Сансызбай - Төлегеннің батыр інісі. Кейін Қыз Жібекті әмеңгерлік дәстүрмен алған, Хо-ренді айқаста жеңген.


Шеге - Сансызбайдың ақын, батыр досы. Қыз Жібекті алуға көмектескен.


Қаршыға - Сырлыбай ханның ақылшысы. Төлеген мен Жібектің кездесуіне себепші жан. Бекежан - сұм, қу бейне ретіндегі кейіпкер. Қособада Төлегенді өлтірген арғыннан шыққан Жібекке ғашық жандардың бірі.


Хорен - Жібекті алғысы келген қалмақ ханы.


Төлегеннің анасы, Сырлыбай хан, Жібектің жеңгесі мен анасы. «Маңызды деректер:


Жүз Жағалбайлы елі мекен еткен жер: Мекке жолындағы тылсым дария, Қара теңіз жағасы. Жер атаулары: Ақжайық - Шекті елі, Қособа, Қара теңіз


Базарбай сексенге келгенде, кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, аты Төле-ген. Оның артынан тоғызыншы жылда тағы бір ұл туыпты, оның аты Сансызбай.


Екеуіне де Базарбай қалың бермейді, тірі болса, өздері де қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп.


Төлеген 12 жасқа келгенде ешкімнің қызын жақтырмайды. 16 жасқа келгенде бұл елге бір са-удагер келіп: Ақжайықтың бойында Алты арыс Шекті елі бар, онан бір қыз тауып қайтасыз, -дейді. Жүз күндік жол екен және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар. Төлеген Көкжорға тұлпарды мінеді, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тас орнат-тырып, қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғз түйеге ділдә, жамбы артып, Наурыз айы туғанда жүреді. Анасы артынан кеп жылайды.


Төлеген Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездеседі. Сырлыбайдың алты ұлы мен ең кенже қызы бар екен. Қаршыға анасынан алдап сұрап алып, Төлегенді Қыз Жібектің күймесіне апа-рады, екеуін таныстырады.


Төлеген үш ай қалыңдық ойнатады, еліне қайтпақ болғанда Қыз Жібек түс көреді. Түсінен шошып оянып, кіші жеңгесін шақырыпалып бір сөз деді:


«…Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау, Төлегенге барып кел, Тілімді алса жүрмесін… Мен бүгін бір түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім, Төлеген мінген Көкжорға ат Ер-тоқымсыз бос көрдім…»


Төлеген сонда берген жауабы:


 


«Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау, «Түс түлкінін боғы» еді, Әрнеме деп келмеші-ау!… Сәлем де Жібек қорықпасын, Өліп кетсем Жібекті


Еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар… Елімнің ақын, көсемі Батыр Шеге дер еді, Ақылға дарқан кен еді. Олай-бұлай боп кетсем, Сансызбайға басшы боп Еліңізге жетіп келеді… Не салса да Құдайым Жібек үшін көрем деп, Жібекке дұғай сәлем» деп Енді атына мінеді…


Төлеген еліне жеткенде, үлкен той жасайды.


Төлеген барлығын баян етіп болған соң, Базарбай: «Шырағым, қайныңа    енді қашан барасың?» Төлегеннің Жібекке аттанғысы келген уақыт: Жазғытұрым


Төлегеннің атасы айтқан тілек: «Шырағым, мен бір тілек тілейін. Бересің бе, бермейсің бе? Ендігі жылы осы уақытқа шейін бармағын, онан кейін өзім қасыңа көп әскер қосып жіберейін. Кәне, тілегімді бердің бе?» — деді.


Төлегеннің жауабынан соң, Базарбайдың жұртына кеп айтқаны: "Бұл балам тілімді алмады, тілегімді бермеді. Төлеген қайнына барамын десе, маған көргенің ұстап, байлап әкеліп беріңдер. Егер қошемет етіп біреуің жолдас болсаң, қолымды теріс жайып бата беремін,"- деді.


Артынан жылап жүгірген: Сансызбай.


Төлегенді Қособада күтіп, атып өлтірген: Бекежан деген арғын руынан шыққан Қыз Жібекке ғашық жандардың бірі. Төлеген өлер алдында аспандағы алты қазға қоштасу жырын айтады.


Бекежан сегіз жыл болғанда Төлегенді өлтіргенін Қыз Жібекке өзі естіртеді. Бекежанды өлтіреді.


Сансызбай 17-ге толып, атасынан бата алып, Төлегенді іздеуге аттанады.


Қыз Жібекке Хорен хан тоғыз мың әскерімен келіпті, Шеге Қыз Жібекпен сөйлеседі де, Хоренді алдап Сансызбамен қашады. Сансызбай мен Хорен айқасады да, Сансызбай жеңеді. Қыз Жібекке әмеңгерлік салтпен Сансызбай үйленеді.


Салт-дәсүрлер: Әмеңгерлік, естірту, қалыңдық ойнау, қошатсу, арыздасу, бата беру.


 


«Ұлттық құндылық: Махаббатты жырлау арқылы ұлттық салт дәстүрімізді дәрәптейді. «Түсінік+өз ойым: Бұл жырда қазақтың сол кезеңдегі тарихи тағдыры, тұрмыс-салты,


әдет-ғұрпы, сана-сезімі кең қамтылған. Соңысымен де өте құнды мұра. «Ұқсас шығарма: «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу