Шығармалар ✍️
«Майқы мен Шыңғыс хан»
«Тақырыбы: Майқы би мен Шыңғыс хан
«Идеясы: Майқы бидің шешендігі мен тапқырлығын көрсету «Жанры: аңыз әңгіме
«Композициялық талдау:
Басталуы: Шыңғыс ханның аң аулауы, аяғын мертіктіруі. Байланысуы: Шыңғысты арбаға мінгізу, үйіне апару
Дамуы: «Екі ақсақ бірге отырайық» деп Майқының да арбаға отыруы. Шиеленісуі: «Шыңғыстан соң үйге кім кіреді?» деп таласу Шарықтау шегі: Майқы бидің жауабы, тапқырлығымен көзге түсуі.
Шешімі: Майқының Шыңғысты қолтықтап үйге кіруі. Ел басқару ісіне араласа бастауы.
«Кейіпкерлері:
Шыңғыс хан - тарихта аты қалған атақты билеуші.
Майқы би -тапқыр, шешендігімен көзге түскен Шыңғыс ханның кеңесшісі.
«Маңызды деректер:
Шыңғыс хан аңда жүргенде аяғын мертіктіріп алады да арбаға отырады.
«Екі ақсақ бірге отырайық» деп Шыңғыс ханның жанына отырып алған Майқы(арамыы) Шыңғыстың үлкен шешесінің үйіне барады.
«Шыңғыстан соң үйге кім кіреді?» деп таласып жатқанда Майқының айтқаны: «Әдетте, арбаға жегілген өгіз есік алдында қалып, оны айдаған адам үйге кірмеуші ме еді?»
«Ұлттық құндылық: Шешендік өнер көрініс табады.
«Түсінік+өз ойым: Майқы бидің тапқырлығы мен сөз тапқыштығын байқай аламыз. «Ұқсас шығарма: Төле бидің айтқаны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter