Шығармалар ✍️
«4 тентек»
«Тақырыбы: Мөңкенің алғашқы билігі.
«Идеясы: Бала болса да, ақыл айтуға болатынын, жас болса да бас болуға болатынын айтқысы келеді, Бала Мөңкенің тапқырлығы мен әділ шешім-билігі.
«Жанры: әңгіме
«Композициялық талдау:
Басталуы: Бай ауылының су бойына кеп қонуы.
Байланысуы: Су бойындағы бір топ баланы байдың қуамын деп жан тапсыруы. Дамуы: Құн сұрау мен бітіспеген сөз.
Шиеленісуі: Жеті жасар баланың сөзіне ешкімнің құлақ аспауы. Шарықтау шегі: Ақсақалдардың Мөңкеге жүгінуі.
Шешімі: Баланың әділ шешімі. Билікке риза болған халық.
«Кейіпкерлері:
Бай - жоқ сұрауға келе жатып, қаза болған адам. Балалар - ауыл жанында асық ойнап жүргендер. Мөңке - жеті жасар ақылды бала
Қарапайым халық, ақсақалдар - дауды шеше алмай, Мөңкеден көмек сұрағандар.
«Маңызды деректер:
Көш алдында жоқ сұрауға келе жатып, балалардан жол сұраған, асау байтал мінген, бала-ларды қуамын деп мерт болған - бай.
Ақсақалдардың дағдарып ақырында айтқандары: «Қой асығы демеңіз, жақса сақадай, жа-сы кіші демеңіз, ақылы жақса атадай.»
Бала Мөңкенің айтқан билігі: «Ердің құны жүз жылқы, бұл істе тентек төртеу. Әуелі - ой-нап жүріп, жылқыны үркіткен бала тентек, екінші - оны қуған бай тентек, үшінші - бастан ұшқан бөрік тентек, төртінші - үріккен байтал тентек. Төрт тентекке жүз жылқыны бөлу керек.»
Сонда жүз жылқының үш бөлігі байдың өзіне түсіп, бір бөлігін ғана бала жағы төлейді. Бала бидің билігіне барлығы разы болады. Сол бала «Үш жүзге блгілі Мөңке би» атанып-ты.
«Ұлттық құндылық: Шешендік өнердің бір үлгісі
«Түсінік+өз ойым: Бала Мөңкенің даналығын және тапқыр шешімін көрсеткен. «Ұқсас шығарма: «Бала Мөңкенің тапқырлығы»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter