Шығармалар ✍️
«Құтты білік»
«Тақырыбы: Халыққа құтты өмір сыйлау, бақытт, әділетті қоғам құру. «Идеясы: Әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат ынсап мәселесі жайында. «Жанры: Дастан
«Композициялық талдау:
Басталуы: Күнтуды патшаның әділдігімен жер-жаһанға есімі мәшһүр болуы. Байланысуы: Айтолдының уәзір болып сайлануы, бақ-дәулеттің артуы. Дамуы: Айтолдының қазасы. Өгдүлмішке қалдырған өсиет сөзі. Шиеленісуі: Өгдүлміштің ел басқару ісі.
Шарықтау шегі: Одғұрмышпен кездесу, патшамен келіспей, барлығынан бас тартуы. Шешімі: Одғұрмыштың өлімі. Өгдүлміштің өз ісін жалғастыруы.
«Кейіпкерлері:
Күнтуды - ең үлкен әмірші, қатаң тәртіп, заңның, әділдіктің бейнесі. Айтолды - Күнтуды әміршінің бас уәзірі, бақ-дәулет.
Өгдүлміш - Айтолдының баласы, ақыл-парасаттың бейнесі, әміршінің ақылшысы. Одғұрмыш - уәзірдің туысы, дәруіш, қанағат-ынсаптың бейнесі.
«Маңызды деректер:
Күнтудының өз-өзіне берген мінездемесі: “Жарқыраған Күнді көр де, көр мені; Күн сөнсе егер, тіршіліктің өлгені” деп өзінің айнымас адалдығын мақтан тұтады.
Айтолдының өз-өзіне берген мінездемесі: “Мен де Айдай жаңаланып тұрамын, Бірде бар-мын, бірде жұмбақ тұрағым”
Өзінің әділ саясатымен жер-жиһанға есімі белгілі болатын патша -Күнтуды. Сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанған данышпан - Айтолды.
Айтолды жазылмас дертке шалдығып, артынан қалған баласы Өгдүлміш пен Күнтуды патшаға өсиет-уағыз айтады.
Өгдүлміш жас болса да, іскерлігімен, адамгершілігімен, білгірлігімен көзге түседі, патша-ның ең сенімді жақын адамы болады. Осы кезде мемлекет гүлстанға айналады.
Күнтуды патшаның көмекші болуға жарайды деп іздеген адамы - тау кезіп кеткен дәруіш Одғұрмыш болады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші рет шақыртқанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем айтады. Сонда ғана Одғұрмыш патшаға келеді.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. «Адам жасы келіп, қолына таяқ ұстағанда бұл өмірдің күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүни-
елік дәруіш болып кетуі керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын өле-өлгенше істей бергені жөн бе?»
Дәруіш оған: «Бұл өмірде адам дар үшін еңбек ету – сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бұрынғыша адал атқара бер»,– деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.
Одғұрмыш ауыр науқас болып дүниеден өтеді, ал Өгдүлміш өз ісін одн әрі жалғастыра бе-реді.
Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады: · «Білік берді – адам бүгін жетілді,
Ақыл берді талай түйін шешілді.»
- «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде, сол біліті болады.»
- «Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын, Уақытыңды біліміңмен сақтағын.»
Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда зияны айтылады: · «...Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.»
- «Біліп айтқан сөз – даналық деседі, Білікті сөз – қайран басты кеседі!»
- «Тіліңді бақ, басың аман болады, Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.»
Білім, ақылдың қасиеттерін, пайдасын айтады: · «...Ақылды ерге ақылы ес, дос болар,
Наданға аты-ақ қоңыраулатып қас болар.» · «...Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, Білімді сөз – шырын, жанның құнары.»
«Ұлттық құндылық: Ел басқарудың қандай болу керектігін, ненің ең маңызды екенін айтып, болашақ ұрпаққа өсиет еткен.
«Түсінік+өз ойым: Бұл шығармада білім мен ақылдың, әділдіктің, қанағат пен бақ-дәулет-тің ең бірінші тұратынын байқай аламыз. Осы қасиеттер табылса ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікір айтады.
«Ұқсас шығарма: «Ғылым таппай мақтанба» Абай Құнанбаев
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter