Шығармалар ✍️
«Бәмсі-Байрақ туралы жыр»
«Тақырыбы: Бәмсі-Байрақтың ерлігін көрсету.
«Идеясы: Туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет, махаббатқа адалдықты, ба-тырлықты дәріптеу.
«Жанры: жыр
«Композициялық талдау:
Басталуы: Баяндүр ханның той жасауы. Байбөрінің қайғысы. Байланысуы: Байбөрі мен Байбіжанның балаларын атастыруы. Дамуы: Бәмсінің ер жетуі. Ерлік істері.
Шиеленісуі: Бәмсі мен Банудың танысуы. Шарықтау шегі: Бамсының тұтқындалуы. Шешімі: Бәмсі мен Банудың үйленуі.
«Кейіпкерлері:
Баяндүр - хандардың ханы.
Байбөрі - Бәмсінің әкесі, бір перзентке зар болған бек. Байбіжан - бір перзентке зар болған жан.
Қара Бодақ - Қара Көне баласы, Ораз - Қазанның баласы, Иекенк - Қазылық оғыз бектің баласы.
Қазан-Салор - бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеу баласы. Қорқыт - Бәмсіге ат қойған әулие, абыз, жырау.
Бәмсі- басты кейіпкер, батыр, ер
Бану-Шешек - Бәмсіге атастырылған, сүйген жары. Дели Қарашар - Банудың ағасы. «Дели» - тентек.
Жарташұқ - Жалғаншы баласы. Бануды алмақшы болады.
«Маңызды деректер:
Қам-Ғанұлы Баяндүр бір күні төсегінен тұрып, қара жерге өзінің ақ шатырын тіккізді. Ішкі және тысқы оғыздардың барлық бектері Баяндүр хан тойына жиналды.
Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына сүйеніп, Қара Кене баласы Қара Бодақ, оң жағында Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Игенек тұрған еді. Байбөрінің қайғысын көріп, бектер қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», - десіпті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кет-пей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан да қыз сұрайды.
«О, бектер, егер Көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесік-те жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», – дейді Байбіжан.
«Ер қаруы - бес қару».
Саудагерлер Рум еліне барады. Стамбұлдан сыйлық алады.
Бәмсіге теңіз жылқысын(су жылқысын), емен садақ, күрзі(шоқпар) алады. елге жеткенде Бәмсі 16 жаста болады.
Оник қамалы - Басин аумағындағы қамал, ниеті қара 500 гәуір күтіп отырған жер(Грузия жері). Кейбір жерде Қара Дербент қақпасы, Евнук қаласы деп беріледі. Көпестердің соңғы қонған жері - Қара сайдағы Пасаң даласы.
Бәмсіні қонақ қылған адам - жылқышылардың бастығы.
Байшұбар - Қорқыттың Бәмсіге берген тұлпарының аты. «Бамш» деп атап жүр едің, енді «Бамсы-Байрақ» болсын деп бата береді.
Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, жақсы тілек білдірді. «Ұлыңның аты өзіне сай болды, бақытты болсын!» – деп бата берді.
Кең жазира даласында қыз бен жігіт ойнайтын ойын: «Қыз бөрі».
Қыз бен жігіт бір-біріне жүзік сыйлайды. Құдалыққа Қорқыт барады. Оны шаппақ
болғанда, Қаршардың қолы қарысып қалады.
Қалың мал: мың үлек, мың айғыр, мың қошқар, мың ит, мың бүрге.
Үйлену тойы болғанда, Бәмсіні тұтқындап әкетеді. Көп жыл зынданда жатып, қобыз тар-ту өнерімен қашып құтылады. Көп қиыншылықтар көріп барып, Бану-Шешекке үйленеді.
«Ұлттық құндылық: Қазақ халқының оғыз дәуірінен сақталған рухани мұрасын, салт-дәстүрін айғақтайды.
«Түсінік+өз ойым: Бүкіл түркі халықтарына ортақ ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан бұл жыр - Бәмсі-Байрақ сынды батырлар арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеуге шақыра-ды, тарихи құнды туынды болып табылады.
«Ұқсас шығарма: «Алпамыс» жыры
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter