25.11.2024
  99


Автор: Қазақ әдебиеті

«КҮЛТЕГІН» жыры

 


 


«Тақырыбы: Ерлік пен ел қорғау, тәуелсіздік жолындағы күрес.


«Идеясы: Күлтегін батырды Түркі қағандығында құдіретті тұлға ретінде көрсету, Түркі елінің билеушілерін дәріптеу.


«Жанры: Жыр


 


«Ұлттық құндылық: Ежелгі дәуір әдебиетінен сыр шертеді.


«Түсінік+өз ойым: Мәңгілік ел болу идеясының темірқазығы іспеттес шығарма, батырлық жырлардың қалыптасуына әсер еткен.


 


«Ұқсас шығарма: «Тоныкөк», «Онгин» ескерткіші, «Орхон-Енисей жазбалары»


 


«Кейіпкерлері:


Күлтегін - басты кейіпкер, қолбасшы, «Көк түркінің семсері» атанған атақты батыр. Білге қаған - Күлтегіннің ағасы, Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Елтеріс(Құтлық) - қаған, Күлтегін мен Білгенің әкесі, әскербасы.


Тоныкөк - Күлтегін батыр мен Білге қағанның ақылшысы, кеңесшісі.


Ұмай ана - ұрпақ жалғастырушы, береке-молылық тәңірісі, түркілердің қасиетті аруағы. «Мектеп» баспасы


«Композициялық талдау: Басталуы: Елтерістің қазасы


Байланысуы: Он жасар Күлтегіннің ер атануы Дамуы: Күлтегіннің ерлік жолы


Шиеленісуі: Тоғу кентіндегі шайқас Шарықтау шегі: Күлтегіннің қаза болуы


Шешімі: Білге мен елдің қайғысы. Күлтегінді жоқтау


 


«Маңызды деректер:


Елтеріс қаған(әкелері) қаза болғанда Күлтегін 7 жаста болған. 10 жасында Ұмай текті шешеден ер атағын алған.


16 жасқа келгенде ел-жұртын молайтты; алты чуб, соғдыларға аттанады; Табғаш, оңтұтықтың бес мың әскерімен соғысып, жауға жаяу ұмтылды.


21 жасында Чача Сеңүнмен айқасты.


26 жасында қырғыздарды Көгмен жерінде ұйқыда басты. 27 жасыда Қарлық халқы еркіндік алып жау болды.


30 жасында Тамағ шыңында қарлықтармен соғысты. Алып шалшы ақ атқа мініп, қос ба-тырды найзамен шанышты.


Бір жылда 5 рет шайқасты; ең ілкі Тоғу кентінде шайқасты. 47 жасында Күлтегін қаза табады.


Чуб, Табғаш(Қытай), Соғды, Оңтұтық, Қарлық - халық, ел аттары. Ұмай текті шешенің ер атағын беруі секілді ежелгі дәстүрлер кездеседі.


 


«Арман-ПВ» + «Атамұра» баспасы «Композициялық талдау: «1-жыр»


Басталуы: Білге қағаннң таққа отыруы. Елі, жері үшін соғыс. Халық жағдайының жаөса-руы.


Байланысуы: Күлтегіннің қазасы. Шайқастағы асқан ерлігі мен күштілігі. Дамуы: Күлтегіннің жауға шабуы. Мінген аттары.


Шиеленісуі: Отыз жасар Күлтегін, ел қанаты


Шарықтау шегі: Бір жылдағы бес айқас. Күлтегіннің ойраны. Шешімі: Күлтегіннің қазасына қатты қайғырған Білге қаған.


 


«Маңызды деректер:


Жер-су аттары: Қадырхан, Кері-Кену(түркі халқы мекен еткен аймақтар) Көк тәңірі, көк аспанға табынған.


Терістікте - оғыздар, шығыста - құқайлар, татабы мен қытай бар, түстіте -табғаш-тар.


Білге қаған олармен он екі рет соғысты. Соғды, Оңтұтық, Табғашты қуған, соғысқан. Алдымен, Тадық Чурдың боз атына мінді. Ышбар Ямтардың боз атына мінеді.


Йегін Сілікбектің торы атын да мінді. Үш ат та зорығып өлді.


 


Отыз жаста(31) Қара көлде аздармен соғысты. Алып шалшы боз мініп, аздарға қарсы шапты.



  1. Тоғу кентінде боз мініп, алдаспанын сілтеді, 6 жауды түйреп, 7-сін сүйреді.

  2. Құшлағатта едіздермен шайқасты. Қарагерге мініп, 1 дұшпанын түйреп, һәм тоғызын күй-ретті.

  3. Оғыздарға қарсы күрес.

  4. Һүш үстінде түркіге қарсы. Тоңыралық он ерді Таңатегінде ұстады.

  5. Езгенді Қадазда оғыздармен соғысты. Қарагер атпен, екі жауды құлатты. Мағы қамалын қыстап, аздап демалды.


Боз ат мініп, 9 жаудың жартысы құлап, бой бермеді. Күлтегін қаза болды. Ел, Білге қаған қатты қайғырды, жоқтау айтты.


 


«Композициялық талдау:(2-жыр «Кіші жазу») Басталуы: Қағанның өз халқына айтқан үндеуі.


Байланысуы: Түркі қағандығының жерінің кеңдігі. Жорықтар туралы Дамуы: Табғаш халқының қастандығы. Алданған Түркі халқы. Шиеленісуі: Түркі халқының қырылып, азаюы.


Шарықтау шегі: Білге қағанның түркі халқының даңқын көтеруі. Шешімі: Ескерткішті жазудағы себеп болған жайттар мен авторы.


 


«Маңызды деректер:


Шад, апа бектер, тархан - әскери атақтар.


Кексіз түркі қағаны Өтүкен қойнауында отырса елде мұң жоқ. Ілгері Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, теңізге сәл жетпедім. Түстікте - Тоғыз Ерсенге дейін жаулап, Тибетке сәл жетпеді. Батыста - Інжу өзенін кешіп, Темір қақпаға дейін жаулады. Терістікте - Байырқы жеріне дейін жауладым.


Ел тұтатын нағыз иесі жоқ жер - Өтүкен. Осында табғаштармен табысты. Сөзі тәтті, бұйымы асыл - табғаш халқы.


Жазуды жаздырғанның аты Иоллығтегін.


 


 


«Композициялық талдау:(2-жыр, «Үлкен жазу») Басталуы: Көк тәңірі. Түркі халқының қалыптасуы.


Байланысуы: Білге қағанның абырой-даңқы. Бумын мен Елтеріс қаған. Дамуы: Дарынсыз қағандардың таққа отыруы.


Шиеленісуі: Табғаштардың алдауы. Іргенің шайқалуы. Шарықтау шегі: Түркі халқының шарасыздығы. Шешімі: Түркілердің қайта орнауы.


 


«Маңызды деректер:


Биікте Көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, ортасында адам баласы жаралған... Ата-тегі: Бумын, Істемі қаған - түркі халқын қалыптастырған.


Ілгері Қадырхан қойнауынан, кері - Темір қақпаға дейін жайлаған.


Жылаған халықтар: Бөклі шөлінің елі, табғаш, тибет, авар, үрім, қырғыз, үш құрықан, отыз татар, қытай татабы.


«Табғаш халқына бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды.» Әкесі - Елтеріс, шешесі - Елбілге.


Түркі халқы қолдарынан түк келмей бағынды. Елтеріске 17 ер ерді, кейін 70, сосын 700 ер болып, ата-баба мекенін қайта орнатты.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу