Эсселер ✍️

  24.11.2024
  40


Автор: Атырау қаласы

Атыраудың мәдениеті

Атырау қаласында өмірге келіп, осы туған қалам Атырауда өсіп өнгенім менің Атырауға деген махаббатымды арттырады. Мен бүгін туған қаламның мәдениеті мен көрікті жерлерін айтқым келеді. Қалада мәдениет жақсы дамыған дей алам. Атап айтар болсақ,  Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы орналасқан. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс жасайды.
Атырау облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер бар.
Ал кітапханалар жағына бет бұрар болсақ, «Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана», Атырау облыстық балалар кітапханасы, Облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы, №1,2,3 Атырау қалалық орталық балалар кітапханалары қала тұрғындарына өз қызметтерін көрсетуде.
Сонымен қатар, «Жеңіс», «Ретро-парк» саябағы және «Жастар» саябағы бар. Спорты мен білім жүйесі де жақсы дамыған.
Атырау менің туған қалам, осындай жоғарыда айтып өткендей ерекшеліктері бар, сондықтан Атырау қаласын мен қатты жақсы көрем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу