Шығармалар ✍️
Атыраудың көпірлері ғажайып
Атырау қаласының ең ғажайып, әдемі нысандарының бірі Атырау көпірлері дер едім.
1965 жылы 28 тамызда Жайық өзені арқылы өтетін қаладағы алғашқы темірбетон көпір салынып, пайдалануға берілді.Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр.
Сонымен қатар, қаланың солтүстік бөлігінде 1985 жылы Ғаббас Берғалиев көшесінің бойымен айналма көпір пайдалануға берілді. Ал,
2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» аспалы «жаяу жүргіншілерге арналған» көпір салынды. 2008 жылы қаланың оңтүстік бөлігінде Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарын байланыстыратын «Балықшы» көпірі салынды. Ұзындығы 484,4 м, ені 23,9 м.
Сонымен қатар 2008 жылы Балықшы-Перетаска көпірі пайдалануға берілді. Ұзындығы 63,7 м, ені 14 м. Ал, 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс даңғылын жалғастыратын көпір ашылды. 2009 жылы қаланың Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын (Әуезов даңғылынан Ғұмаров көшесіне) жалғайтын «Мұнайшы» көпірі пайдалануға берілді. Ал, 2010 жылы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғайтын көпір салынды.
Міне, осындай бір қалада қаншама көпір салынып, пайдалануға беріліп отырғаны Атырау қаласының басқа қалалардан өзгеше екендігін көрсетіп отырғандай. Солай емес пе?!
Расыменде, Атыраудың көпірлері ғажайып. Бұл көпірлер арқылы Атырау қаласының ерекше екендігіне көз жетіп отырғандай. Атырауға барып, осы көпірлерді өз көзіңмен көру, тамашалау бір ғанибет емес пе?! Ендеше, Атырау қаласына барсаңыз осы көпірлерін көруге асығыңыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter