Эсселер ✍️

  24.11.2024
  37


Автор: Атырау қаласы

Атырауым бұл менің

Атырау қаласының өткеніне қарайтын болсақ, тарихы тереңге жайылған еліміздің батысында, Жайық өзенінің жағалауында орналасқан қаламыз болып табылады. Атырау облысының орталығы, халқының құрамына көз салар болсақ Қазақ ұлты 80 пайызын құрайтын қала. Одан басқа өзге де ұлт өкілдерінің құрамы бар көп ұлтты қала десек те болады. Қала тұрғындарының 80% пайызын қазақтар құрағандықтан қалада қазақ ұлтының басым екендігіне көз жеткізе аламыз.
Тарих болған соң сандық көрсеткішке қарайтын болсақ, мынадай көрініске ие боламыз.
1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі. Яғни Атырау қаласының орталығы Батыс Қазақстан, әкімшілік орталығы Оралға қарайтын болған. Ал, 1865 жылы уездік қала атанады. 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығында болады.
1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы атанады. 1929 жылы Гурьев округінің орталығы, 1930 жылы аудан орталығы
1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы болады. 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.
Осындай қадамдардан өткен Атырау қаласы еліміздің батысындағы дамушы, маңызы бар қала болып табылады. Қалада Мұнай, газ кеңінен дамып, еліміз үшін жоғары деңгейде қызмет етіп келе жатқан қала болып табылады.
Осындай қала, Біздің Атырау қаламыз, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Барсаң ерекше қаситетімен өзіне баурап алады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу