Эсселер ✍️
Атырау қаласы
Атырау қаласы еліміздегі батысындағы Атырау облысының орталығы болып табылады. Жайық өзенінің бойында орналасқан Атырау қаласының негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғындары 2023 жылғы санақ бойынша 316449 адамды құрап отыр. Атыраудан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км, бұл әрине, білгенге маржан. Ал 1885 жылы қала статусына ие болған қала.
Атырау қаласының бұрынғы атаулары Усть-Яицкий қалашығы, Нижний Яицкий қалашығы, Чапаев, Гурьев болып табылады. Гурьев атауымен аталған шағын әрине жақсы білеміз. Жайық бойынан қамал тұрғызуға рұқсат алып, басында қамал болып, кейін үлкен қалаға айналған Атырау қаласы қамалды салуға тікелей қатысы бар Гурьев есімі бойынша аталған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау болып аталған қала қазіргі таңда экономикасы жақсы дамыған, Батыстағы сүйікті қалаларымыздың бірі.
Ұлттық құрамына келер болсақ, 88 пайызын қазақтар құрап отыр, әрі қарай орыстар, көрейлер, татарлар, өзбектер тізімді жалғап, өз тіршілігін жасауда.
«Атырау» -лексикасы көбіне үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды. Атырау сөзінің негізі айрық деген мағынаны білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter