Өлеңдер ✍️

  22.11.2024
  7


Автор: Атырау қаласы

Атыраудай жер бар ма, көрікті жер

Атыраудай жер бар ма, көрікті жер,
Ай жұлдызы аспанда жарқыраған.
Қуат алған өзіңнен мен балаңмын,
Ағын судай жайдарлы, арқыраған.

Атыраудай жер бар ма, көрікті жер,
Жайығымдай ғажайып өзенім бар.
Атырауым облыстың орталығы,
Мен өзіңе арнаған өлеңім бар.

Атыраудай жер бар ма, көрікті жер,
Гурьев қамал болып ол тұрғызылған.
Жан тербейтін ерекше қалам сенсің,
Әр ісіңе жасайтын, мен қызығам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу