Шығармалар ✍️

Азия мен Европаның шекарасы
Азия мен Европаның шекарасы болып саналатын Ақтөбе қаласы расыменде елден ерекше. Өйткені, кей деректерге қарасақ Ақтөбе қаласын Азияда орналасқан дей аламыз. Ал бір деректерде Ақтөбе Европаның қалаларының қатарына кіреді екен. Ақтөбенің басты ерекшеліктері осы болса керек. Европа мен Азияны жалғап отырған біздің батыстағы қаламыз. Халқының саны жағынан да Қазақстан бойынша төртінші орынды иеленетін қала осы Ақтөбе қаласы болып табылады.
Ақтөбе қаласымен мақтана аламыз. Өйткені, жоғарыда айтып өткенімдей Азия мен Европаның шекарасы болып табылады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өзендер мен су қоймалары жетерлік. Атап айтар болсақ, «Ақтөбе қаласы Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді» — дейді. Міне қараңызшы, өзендердің жеті атасын жинаған Ақтөбе қаласымен қалай мвқтанбай отыра аламыз. Сонымен қатар, қалада Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы су қоймасы бар екендігін атап өткім келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇