Эсселер ✍️
Ақтөбе қаласы менің туған жерім
Еліміздің батысында орналасқан Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылатын Ақтөбе қаласы менің туған жерім. Ақтөбе қаласында өмірге келіп, мына өмірдің жаңа, таза ауасына қанық болдым. Ия бұл менің Ақтөбем. Орыс ағайындарымыз қанша жерден орыстандырып жібергісі келгенмен Қазақ елінің рухты әдет ғұрыптарын жоғалтпаған мекенім. Орыс империясы кезінде Актобинск болып айтылғанмен, өзінің «Ақтөбе» деген Қазақ тіліндегі әдемі атаудың иесі болған менің қалам.
Ақтөбе қаласы десе ет жүрегім елжіреп тұрады. Өйткені Ақтөбе қаласы мен қай қалаға барайын, тіпті шет елдің көрікті жерлерін араласам да мен үшін Ақтөбе қаласы елден ерекше, ыстық болып қалады. Ақтөбемді жақсы көрем. Ақтөбемде жүрсем жаным жадырап сала береді. Ал алыс жүрсем жаным жабырқап, сағыныштан өзегім өртенгендей болады. Маған оындай әсер беретін Ақтөбе қаласын менің алғашқы махаббатым. Менің туған анам өмірге әкелген болса, туған жерім Ақтөбе қаласы маған құшақ жая, мені қабыл алды, мені әдемі әуенімен тербеді дей алам. Олай болмаса мен қалайша туған қаламды жақсы көремін. Туған қалама бүйрегім бұрып тұрады. Жалғыз менің ғана емес, өз туған жерлерін қатты жақсы көретін жандардың барлығы да осындай күйде болатынына кәміл сенімдімін.
Жасай бер менің Ақтөбем, әрбір ісің оң болсын! Жасай бер менің Ақтөбем, жақсы күндер мол болсын! Ақтөбелік тұрғындар, денсаулығың зор болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter