Шығармалар ✍️

Ақтөбенің атауы мен рәміздері
Ақтөбе қаласы нағыз Ресей еліне тәуелді болған, Ресей империясы кезінде 1891 жылы бекініс болып құрылған Акъ-Тюбе атауына ие болған қала. Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актюбинск» (Актюбинскъ) түрінде жазылып келді. 1999 жылдың 11 наурызында жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес, қала атауының орысша транскрипциясы «Актобе» болып өзгертіледі. Ия, қазақ елінде тұрып, қазақ жерінде тұрып қаланың орыс тілде аталуы сақталынып тұрған елімізде қалалар бар. Солардың атауларын да осы Ақтөбе сияқты қазақ тіліне ауыстырса нұр үстіне нұр болар еді, әттең. Дей тұрғанмен Ақтөбе қаласының қазақ тіліндегі атауға ие болғандығы көңілге қуаныш ұялатады.
Ақтөбенің таңбасына келер болсақ,
Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.
1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.
Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы. Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген...
Ия, міне осындай тарихи атауларының қалай шыққандығы мен таңбаларына назар аударсақ Ақтөбе қаласының сол кезден-ақ мәліметтерге ие болған Ақтөбе қаласы қазіргі таңда да өз маңыздылығын жоғалтқан емес, дей тұрғанмен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтастықпен қызмет етесе Ақтөбенің болашағы жарқын болатынына сенімім кәміл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇