Эсселер ✍️
Ақтөбе жайлы үзік сыр
Ақтөбе қаласы жайлы оның тарихына көз салар болсақ, Ақтөбе қаласы Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан облыс орталығы. Қала ауданы 297.39 км2 құрайды.
1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтеді. «Қаланың ішімен [Елек өзені] мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді» Міне, осындай ауқымды мәліметтерге ие болған Ақтөбе қаласы Қазаөстанның басқа қалаларының ішінде халық саны бойынша 4 ші орынға ие. Батыстағы қалалардың ішіндегі ең ірі қала осы Ақтөбе қаласы болып табылады. Қалада басқа да ұлт өкілдері де көптеп өмір сүреді. Олардың ішіндегі ең көп ұлт өкілдері Қазақтар болып табылады. Болашағынан зор үміт күттіретін Ақтөбе қаласы өзінің ерекше құрамымен көзге түседі.
«Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы онға жуық елді-мекен кіреді» Бұл дегеніміз Ақтөбе қаласының ертеңі мен болашағы жарқын болады деген сөз емес пе?!
Басында Ресей империясының қарулы жасағымен Елек өзенінің сол жағалауында Ақтөбе бекінісі болып құрылған, оң жағы Қарғалы өзені құятын тұсында қаланады.
Ал, 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы «Актюбинск» болып өзгертілді. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары Ақтөбеге көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.
Ия, осындай құнды тарихы бар, елеулі оқиғалардың ордасына айналған Ақтөбе қаласы жайлы қысқа да нұсқа бір үзік сырымыз осы. Бұл мәліметтерді біліп өскен өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп, тәуелсіздіктің ақ таңын қадірлей біледі деген ойдамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter