Өлеңдер ✍️

  18.11.2024
  18


Автор: Ақтау қаласы

Ақтауымның күндері-ай

Ақтауымның күндері-ай,
Жадыратар жаныңды.
Жұлдызы көп түндері-ай,
Арайлы етер таңыңды.

Ақтауымның қаласы-ай,
Баурап алар өзіне.
Мен бір қара баласы-ай,
Ыстық болар көзіңе!

Қарт Каспийдің мекені-ай,
Толқынымен тербеткен.
Мен бақытты екем-ай,
Сенде туып, ержеткен...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу