14.11.2024
  54


Автор: Орал қаласы

Орал деген қалам бұл

Ия, бұл тарихы тереңге жайылған Орал қаласы. Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Оралым Батыс Қазақстан облысының орталығы. Тарихы баршаға мәлім болған, қазіргі таңда оқу құралдарына еніп, сабақ болып оқылып жүрген біздің қалалардың тарихы біздің өткеніміз, өткеннен сабақ алып, біз осы тәуелсіз күнге қалай жеттік, тәуелсіздік алмай тұрғандағы Орал қаласының тарихы қандай болды деген сияқты сан түрлі сұрақтарға жауап беретін Орал қаласының тарихы болып табылады. Сонау Орал қаласының тұрғызылғанынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі басынан өткендері, қиындықтары мен қуаныштары бәрі де Орал қаласының өткен күнін көрсетеді. Қаншама көтерілістерді басынан өткерді. Мұның бәрі еліміздің тәуелсіздік алған уақытқа дейін қалай жеткенін, тәуелсіздікті біздер бағалай білу керектігімізді айқындайды.
Орал қаласының бүгіні экономикасы даму үстіндегі еліміздегі дамушы қалалардың бірі екендігін көрсетеді. Осы күнге қаланың жай-күйі, тыныс тіршілігі қалай жетті соны әрі қарай алып кету жастардың қолында екендігін, жас мамандардың қаланың көркеюіне ат салысу керектігін көрсетеді. Тек жастар ғана емес, қала тұрғындары да өзінің тұрған жерін таза ұстап, айналасының таза болуын қадағаласа Орал қаласының ертеңіне алаңдамас едік, солай емес пе?! Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Орал қаласының әрі қарай дамуына сіз болып, біз болып ат салыса берейік! Орал қаласы жасасын! Оралдықтар жасасын, тек қана алға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу