14.11.2024
  43


Автор: Орал қаласы

Туған қалам Оралым, осы менің

Туған қалам Оралым осы менің. Сұлулығына көз тоймайтын, еліміздің батысында орналасқан Батыс Қазақстан облысының орталығы болып табылады. Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласы менің өмірге келіп, ең алғашқы тыныстаған, былдырлап сөйлеген, алғаш тәй-тәйлап қадам басқан туған қалам. Туған қаламды қатты жақсы көрем. Оралым ғой менің Жайғымның толқындарымен жанымды тербеп, ой өрісімді әрлеген. Оралым ғой батысымда орналасып, жақсы дамып ерлеген.
Орал қаласының тарихы тереңге жайылған қала. Тарихымнан Орал қаласының бұрыннан сонау 1584 жылы құрылғанын, 1613 жылы «қала» статусы берілгенін білеміз. Осы мәліметке қарап-ақ Оралымның еліміздегі басқа қалаларға қарағанда тарихы тереңде екендігіне көз жеткізе аламыз.
Ия, бұл менің Оралым! Менің туған жерім, менің сүйікті қалам. Басқа ұлттарға қарағанда қазақтар саны пайыздық өлшеммен жоғары пайызды құрайтын Орал қаласының ертеңі зор деп білем. Басынан қандай қиындықтар өтсе де басын тіктеп ұстаған Орал қаласы еліміздің батысында орналасқан маңызы бар қала.
Осындай мән-мағынаға ие болған менің сүйікті қалам Орал қаласы менің соғып тұрған жүрегім. Менің басты қалқаным мен тірегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу