Эсселер ✍️
Жайығы бар Оралым
Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының орталығы болып табылады. Қалада ірі темір жол, Жайық өзенінің бойындағы өзен порты және әуе жолдарының торабы бар. 1584 жылы құрылған Орал қаласы 1613 жылы «қала» статусына ие болған қала. Ұлтаралық қатынастары өте сыйлы, ынтымақ-бірліктері жарасым тапқан басқа ұлттарға қарағанда Қазақтар саны 70,57 пайызды құрап отырған облыстың орталығы.
Экономикалық жағдайы жақсы дамыған тарихи қала Орал қаласының қазіргі жайы көңілге қуаныш ұялатады. Орал қаласының құрылған уақытынан бері қарайтын болсақ көптеген көтерілістерді басынан өткерген ежелгі қала. Олардың ішінен атап айтар болсақ: Сырым Датұлы бастаған халық көтерілісі, Махамбет пен Исатай батырларымыз бастаған ұлт-азаттық көтерілісі Орал қаласының ең маңызды қала болғандығын көрсетіп отырғандай. Орал қаласының өткені тарих болып ұмытылмай өскелең ұрпақтарға оқытылып отырған маңызды кезең. Орал қаласындай батыр жүректі қаламыздың бар болғаны бойымызға батылдық береді.
Ия, Орал қаласымен мақтануымыз керек. Солай емес пе?! Еліміз үшін ең маңызды, басқа көрші елдермен шекаралас болған қаламыздың болашағы жарқын болады деп сенемін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter