14.11.2024
  28


Автор: Орал қаласы

Оралымның қаласы

Тарих беттеріне назар аударар болсақ Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған деседі. Оған дәлел аталған тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездесіп жатқандығы.
Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастаған. «17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған» Тарихи деректерге сүйенсек Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен «Орал қаласы», ал оның тұрғындары «Орал казактары» болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Қазағымның батырлары Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды.
Ал, 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихы жайлы айта берсек жоғарыда айтылғандай қалада көптеген ұлт-азаттық көтерілістер орын алып, тарих беттеріне алтын әріптермен таңбаланып жазылды. Тарихы тереңге жайылған Орал қаласының бүгінгі жағдайы Батыс Қазақстан облысының орталығы, еліміздегі қарқынды дамып жатқан тарихи қалалардың бірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу