Эсселер ✍️
Орал қаласы
Орал қаласы орыс тілінде «Уральск» деген атқа ие болған, 1774 жылға дейін - Яицкий қалашығы — 1932 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының орталығы. ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Орал қаласы Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.
1584 жылы құрылған қазіргі Орал қаласы 1613 жылы «қала» статусына ие болады. Жер аумағы 700км2. Ал тұрғындары 2023 жылғы санақ бойынша 253 757 адамды құраған.
Ал қаладағы ұлттар санына қарасақ, пайыздық өлшеммен алғанда: қазақтар 70,57 %, орыстар 25,13 %, татарлар 1,50 %, украиндар 0,90 %, тағы да басқа ұлттар 1,9 %. Жоғарыда көрсетіліп отырған пайыздық өлшемге көз салар болсақ қазақтар 70,57 пайызды көрсетіп тұр, бұл дегеніміз Орал қаласында қазақ ұлтының көптігін, қазақи салт-дәстүрлердің жоғары дамығанын көрсетеді деген сөз. Әрине өте қуаныштымыз, Орал қаласының Ресеймен шекаралас болуына қарамастан нағыз қазақи мекен болғандығына көңіліміз жайланып отыр. Дей тұрғанмен Оралдықтардың көбісі орыс тілін жақсы меңгергендігі айтпаса да анық. Қазақ тілінің мәртебесін тұғырлы ету әрбір Қазақстандық азаматтар мен азаматшалардың қолында деп білем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter