Өлеңдер ✍️

  14.11.2024
  224


Автор: Орал қаласы

Баурап алар жанымды, Оралымсың!

Баурап алар жанымды Оралымсың,
Жайығым бар, толқыны тербелетін.
Мен өзіңдей қала жоқ деп білемін,
Бір өзіңе Оралым тең келетін!

Баурап алар жанымды Оралымсың,
Орталығы облыстың ғажабым сен.
Тұрғындарың ғажайып, ынтымақты,
Таусылмайтын Оралым базарым сен!

Баурап алар жанымды Оралымсың,
Туған жерім, сен қалам кең жүректі.
Қазақилық дәстүрің шаттық беріп,
Көңілімді көтеріп, тебірентті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу