Өлеңдер ✍️

  14.11.2024
  127


Автор: Орал қаласы

Орталығы Батыстың

Орталығы батыстың Оралым бұл,
Жайығымның бойында орналасқан.
Қалалардың ішінде бағалым бұл,
Тіршілігі күн-күндеп қарбаласқан!

Орталығы батыстың Оралым бұл,
Таба білген жарасым ай мен күні.
Көз тартады алыстан Жайығым бұл,
Жанды тербеп жатқандай көк айдыны.

Орталығы батыстың Оралым бұл,
Ынтымағы жарасқан тұрғындары.
Өздеріне сенімді, даралым бұл,
Әнші, биші тұрғындар, бұлбұл бәрі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу