Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.11.2024
58

Орталығы облыстың Оралым бұл
Орталығы облыстың Оралым бұл,
Толқынындай жайықтың тербелетін.
Батысымның мекені Оралым бұл,
Бір өзіңе қала жоқ тең келетін.
Орталығы облыстың Оралым бұл,
Өмірімнің шуақты шұғыласы.
Жақсы көрер көрікті Оралым бұл,
Мен үшін тең төрт бұрыш, құбыласы!
Орталығы облыстың Оралым бұл,
Күндіз күндей жарқырар түнде айдай.
Бір өзіне баурайтын Оралым бұл,
Сенде туып, өскенбіз, бақыт қандай?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇