Эсселер ✍️
Туған жерім Таразым
Туған жерім Тараз қаласы. Таразымды жақсы көремін. Тыныстаған ауасын жүрегіммен сезінемін. Таразда бала шағым, мектепке барып, сабақ оқып, балалармен асыр салып ойнаған сәттеріміз, бәрі де есімде. Шіркін жастық шағым-ай десеңізші. Менің осы жастығымның куәсі болған, ата-анаммен бірге жүрген қызықты сәттеріміз қандай тамаша. Бәрі де есімде. Таразым маған сондай ыстық көрінеді. Жанымның жарық сәулесіндей, шұғылалы таңымдай болған Таразым. Арайлы атар таңымдай, қызарып батар күнімдей мен үшін жарық ғалам менің туған қалам Таразым.
Бүгінде Жамбыл облысының орталығы, даму үстіндегі өнеркәсіптері бар, таңғажайып қалам менің. Басқа қалаларға барсақ туған қалам Таразымды сағынамын. Іздеп тұрамын. Ал Таразыма қадам баса қалсам жаным жадырап сала келеді. Расыменде, әркімнің туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе?!
Жақсы көрем Таразды жүрегіммен, бар жақсыны тілейтін тілегімен. Жасай берші Таразым тек қана алға, сен мықтысың, күштісің білемін мен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter