12.11.2024
  51


Автор: Тараз қаласы

Тараз менің сүйікті қалам

Тараз менің сүйікті қалам. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласын елімізде білмейтін адам жоқ шығар. Ең алғаш Тараз деген атаумен аты әйгіленген Тараз қаласы 18 ғасырда Әулие-Ата атауын алса, 1936-1937 жылдары Мирзоян атауына ие болады. Ал 1937-1997 жылдары Жамбыл атауын иеленсе, 1997 жылы өзінің тарихи атауы Тараз атын алады. Осындай құнды мәліметтерді қамтитын Тараз қаласы менің сүйікті қалам. Таразымды жақсы көрем. Тұрғындары да өте жақсы, халқының саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Таразым да көп ұлтты қалалардың бірі. Қазақилықты берік ұстанатын, ұлтаралық қатынасы өте жақсы, ынтымақ пен бірліктері жарасқан сүйікті қалам осы Тараз қаласы. Халықтар арасында қазақ халқы көп шоғарланып, көп басымдылыққа ие. Орыс халқы, өзбектер, татарлар болып әрі қарай жалғаса береді. Қазіргі таңда Жамбыл облысыгың орталығы болып табылады.
Сонымен қатар Тараз қаласында, яғни менің сүйікті қаламда түрлі өнерксіптер дамыған. Тараз қаласының өзінде болмаса да Тараз қаласының аймвғына қарасты жерлерде, таулы жерлерінде шахты кәсіптері жұмыс жасауда. Қаланың өзінде де қаншама өнеркәсіптер бой көтерген. Міне, менің Таразым еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі деп айта аламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу