12.11.2024
  94


Автор: Тараз қаласы

Осы менің Таразым

Орта ғасырларда «Тараз» деген атауымен әйгілі болған Тараз қаласы қазіргі таңда Жамбыл облысының орталығы. Тараз қаласына Қалаға ең алғаш болып келгендер Ферғана алқабының соғдылары. 1936-1937 жылдары Мирзоян болып аталып, 1937-1997 жылдары Жамбыл болып аталған Тараз қаласына 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өткен Тараз қаласы Орта ғасырларда  Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болатын. « Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болған қала Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра береді» Міне осындай тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі жағдайы өте жақсы, бабы мен бағы келіскен, қазақи салт-дәйстүрлерді нық ұстанған еліміздегі дамушы қалалардың бірі деуге болады.
Сонымен қатар Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас  кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалада көптеген жарыстар мен көкпарлар, байқаулар орын алып, халықтың бір-біріне деген сыйластықтары артып, ынтымақтары етек жайған тарихи қаламыз осы Тараз қаласы.
Тараз біздің қаламыз. Мамыражай орнаған, игі істерді жалғаған, еліме деп, жеріме, бар жақсыны арнаған. Таразым бұл Таразым қанат байлап самсаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу