Эсселер ✍️

  12.11.2024
  25


Автор: Тараз қаласы

Тараз қаласы

Орта ғасырларда Тараз атауымен әйгілі болған Тараз қаласы еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі. Жамбыл облысының орталығы. Сонау 18 ғасырларда Тараз қаласы Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдары Мирзоян деген атқа ие болған қала. Ал 1937-1997 жылдар аралығында 60 жылдай уақыт Жамбыл қаласы атанған қала 1997 жылғы 8 қаңтарда Тараз атауына қайта ауысады.
Халқының саны 2023 жылғы халық саны бойынша 427256 адам. Басқа қалаларымыз сияқты көпұлтты қала. Атап айтсақ: қазақтар, орыстар, өзбектер, корейлер, түріктер, татарлар, қырғыздар тағы басқа ұлт өкілдерінен құралған.
«Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көптеген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады» Киелі жерлерімен көз тартатын Тараз қаласының өзіне баурайтын өзіндік әдемі, жанға жайлы жерлері өте көп.
Тараздан әйгілі әншілер мен көптеген шығармашыл адамдар шығуда. Тараздықтардың әрбір істеріне ұқыпты, аса жауапкершілікпен қараулары, Тараз қаласының өсіп-өнуі мен құшағын кеңге жаюына жол салады деген ойдамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу