Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  47


Автор: Тараз қаласы

Таразымның қаласы

Таразымның қаласы,
Арайлы атар таңы бар.
Тараз тұрғындарының,
Басында көп бағы бар.

Таразымның қаласы,
Құлпыратын сәні бар.
Байқасаңыз жайменен,
Әр ісінің мәні бар.

Таразымның қаласы,
Ынтымақтың тағы бар.
Бейбіт елдің мекені,
Орындалар заңы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу