Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  224


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Анашым

Жаным анам,жан жоқ саған тең келер,
Мен қызыңмын құшағыңмен емделер.
Қасымда жүр,жүзің күліп құлпырып,
Әлі алда,сыйлықтарым мен берер.

Аз болады,сені қанша көрсемде,
Бар әлемнің бар сыйлығын берсемде,
Сол әлемнің байлығына бермеймін,
Еркелер ем,жүзге өзім келсем де…
 
Анашым менің,жалғыз әппақ ақ мақтам,
Алладан соң,мені қорғап сақтаған.
Жаным анам,қатты жақсы көремін,
Қызың менмін алақанда бабтаған..
Жүзден асып қасымда бол АҚ МАМАМ…

 
Менің Анам,Жүз жасауға міндетті,
Себебі ол,бәрімізден Құрметті
Алтын Әже,ақылшы апа,жақын дос,
Сізсіз МАМА мына өмірдің,бәрі бос…

Сізбен ғана бақытты өміріміз,
Сізбен ғана көкте тұр,көңіліміз.
Бәрімізге тапсырма беріп жүрші,
Ұрпағыңның қызығын көріп жүрші..

 
Анашымның арқасында бәрі де,
Анашым ау жетесіз сіз,бәріне.
Жұмсақ мінез,терең сана,сұлулық,
Әппақ жүзін әрлендірген әлі де…

Маматайым !!!
Кім көріпті сізден асқан сұлуды,
Аямадың мейіріммен жылуды.
Қолымыздан ұстап жүріп өсірген,
Айналамыз ақ сүт берген төсіңнен…..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу