Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.11.2024
101
Бағым Ана!
Өн бойыңның бар тамырын-игізіп,
Ақ сүт бердің,бал ернімді-тигізіп.
Мен балқыдым,маңдайымды сүйгізіп,
Мен сыйладым,әнге көйлек кигізіп...
Барлық әндер -сізге арналса жарасқан,
Сұлу жүзің, күн мен аймен таласқан!
Ең әдемі гүл сыйлаймын!
Тек бақытты күн, сыйлаймын!
Бағасы жоқ-бағым-Ана!
Жақсы көрем-жаным-Ана!
Есейсеңде,сәбиіндей үн қатқан,
Бесік тербеп,түн ұйқысын ұрлатқан.
Мен балқыдым-*Айналайын*-дегенде,
Мен қосамын-*Анашым*-деп өлеңге...
Барлық әндер -сізге арналса жарасқан,
Сұлу жүзің, күн мен аймен таласқан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter