Өлеңдер ✍️

  09.11.2024
  137


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Өзіңді көргім келеді

 


Жайқалған жасыл желегі,
Қарағай, қайың, терегі,
Ішінен сол бір алқаптың ,
Өзіңді көргім келеді...


Сағыныш хатын себебі,
Ақ бұлттар алып келеді.
Арасынан да бұлттардың,
Өзіңді көргім келеді...


Біреуге сезім береді,
Біреуге көңіл бөледі,
Бір көріп, көңіл сергітер,
Өзіңді көргім келеді...


Басқаның берген көмегі,
Шамалы маған керегі.
Өйткені оның себебі...
Өзіңді көргім келеді...


Жансың ау шіркін өрелі,
Тасыған сезім кемелі,
Сынату үшін өзімді,
Өзіңді көргім келеді...


Қырды да асқым келеді,
Сырды да ашқым келеді,
Жанымды ұғар жандармен,
Сыйласқым менің келеді.
Білесің бе,сен өйткені,
Бұл өмір қысқа себебі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу