Өлеңдер ✍️
Бір тамшы жас
Болғаннан соң адамда көңіл сыйлас,
Жан екенсің, қарағым, жатқа қимас.
Тағдырыңнан таяқты жедің бе екен?...
Домалады көзіңнен, бір тамшы жас.
Өлем дедің, қалмады сезім қимас,
Мен жұбаттым қалқам ау , өзіңді бас.
Сен өлгенмен, қара жер тояттар ма,
Кірпігімнен үзілді, бір тамшы жас.
Алда сенің, қызығың, өмірің жас,
Кездеседі бір адам, сезіміңді аш.
Үміттеніп қарадың, мұңлы көзбен,
Жанарыңа іркіліп, бір тамшы жас.
Бір тамшы жас, үзілген кірпігімнен,
Қуат беріп, өзіңді сілкідім мен.
Үмітпенен қараған, мұңлы көзің,
Ауыстырып жіберді, күнді түнмен.
Сұрамадым көңілін, күпті қылып,
Тамағына ащы өксік ,тұр тығылып.
Бәлкім болар құрбаны, сатқындықтың,
Келіп кірген араға, қыстырылып.
Құрғады ма, сол тамшы көзден аққан,
Шері ме екен, шемен боп, іште қатқан.
Не болса да, сол қызға мен тілеймін,
Атсыншы деп, алдынан арайлы ақ таң.
Омархан Алтынбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter